Қазақстандық "Кәсіпкерлер" фильмінің трейлері шықты

Қазақстандық "Кәсіпкерлер" фильмінің трейлері шықты
Фото: vk.com

Режиссер Ақан Сатаев күзде өзінің "Кәсіпкерлер" фильмін ұсынады. Картина 1 қарашадан бастап еліміздің кинотеатрларынан көрсетіледі. Желіге картинаның ресми трейлері шықты.

Фильм сюжеті мемлекет экономикалық дағдарысты өткерген 90-жылдарда өрбиді. Мұндай қиын кезеңде Әнуар достарымен бірге пайда табуды ойлап, КСРО құлағаннан кейін коммерциялық қызметті бастаған алғашқы кәсіпкерлер болады. Көрермендерді достық пен сатқындық, махаббат пен айырылысу және өмірдің шынайы құндылықтары жайлы хикая күтеді. 

Кинотаспадағы басты кейіпкерлерді Асқар Ілиясов, Шәріп Серік, Расым Жұбаев пен Айсұлу Әзімбаева сомдады. Картина 2017 жылдың жазында Алматыда түсірілді.

www.brod.kz

А. Оралқызы