Оскар-2019: Негізгі үміткерлер анықталды

Оскар-2019: Негізгі үміткерлер анықталды
Фото: vk.com

Батыс басылымдары 2019 жылы "Оскарға" үміткер картиналар тізімін жариялап үлгерді. Рейтингке енген 11 фильм әлі үлкен прокатқа шығып үлгермеді.

Бір қызығы, тізімде актер Брэдли Купердің "Жұлдыздың тууы" аталатын алғашқы режиссерлік жұмысы да бар. Фильмде басты рөлдердің бірін Lady Gaga орындаған.

Үміткерлер арасынан "Айдағы адам" өмірбаяндық драмасын да көруге болады. Мұнда "Ла-Ла Ленд" картинасы үшін киноакадемияның оң бағасын алған Райан Гослинг пен Дэмьен Шазелл тандемі жұмыс істеді. Біріншісі негізгі рөлді сомдаса, екіншісі режиссер орындығына жайғасқан.

Аталған картинада Гослингтің сүйіктісін ойнаған Эмма Стоун да аса беделді марапатқа ұсынылған фильмдердің біріне қатысқан екен. Ол — Йоргос Лантимостың "Фаворитка" картинасы.

Бұларға бәсекелес болатындар тізімінде "Жесірлер" (режиссері Стив Маккуин), "Сендер мені кешіре алар ма екенсіңдер?" (режиссері Мариэль Хеллер), "Ақ нәсілді Рик есімді жігіт" (режиссері Ян Деманж), "Әдемі бала" (режиссері Феликс Ван Грунинген), "Басты кандидат" (режиссері Джейсон Райтман), "Беннің оралуы" (режиссері Питер Хеджес), "Бийл-стрит сөйлей алса ғой" (режиссері Барри Дженкинс).

Ал, соңғы, яғни, 11-ші "Гравитация" фильмі үшін "Оскар" иеленген режиссер Альфонсо Куаронның "Рим" аталатын жаңа картинасы. Бәлкім, осы тізім ішінде оқ бойы озығы да осы фильм шығар деген ойға қалатыныңыз рас.

"Оскардың" кезектің марапаттау рәсімі 2019 жылы 24 ақпанда болады. Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет "Үздік фильм" номинациясын Гильермо дель Тороның "Су қалыбы" фильмі жеңіп алған болатын.

А. Оралқызы