Фредди Меркьюри туралы "Богемалық рапсодия" деректі фильмінің трейлері шықты

Фредди Меркьюри туралы "Богемалық рапсодия" деректі фильмінің трейлері шықты
Фото: vk.com

Өткен жылдың аяғында Фредди Меркьюри туралы деректі фильмнің түсіріліп жатқаны белгілі болған еді. Енді картинаның трейлері әлеуметтік желілерге жүктелді.

Атақты Queen тобының ең танымал Bohemian Rhapsody әнінің құрметіне "Богемалық рапсодия" аталатын фильм Меркьюридің өміріндегі ең елеулі 15 жылды қамтиды.

Entertainment Weekly басылымы өзінің инстаграм парақшасында Меркьюри образын сомдайтын актердің алғашқы суретін жария етті. Ол "Мистер Робот" сериалының жұлдызы Рами Малек болып шықты. Өзінің жаңа рөлі туралы актер: "Бұл мен үшін үлкен құрмет"- деді.

2010 жылы Фредди Меркьюри рөлі Саша Барон Коэнге бұйырады деген ақпарат болған. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл идея Queen тобының өкілдеріне ұнамай қалса керек. 10 жыл бойы түсірілген картинаның премьерасы 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

А. Оралқызы