Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған қазақ қызы

Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған қазақ қызы
Фото: ntv.ru

Қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Үздік актриса" атанған қазақ қызы Самал Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Ол өнер жолын 2011 жылы ресейлік ГИТИС театр өнері институтының актерлік факультетінде білім алу арқылы бастаған.

Ол "Айка" атты фильмнен өзге "Жауқазын" (Тюльпан) картинасында ойнаған. Бұл фильм 2008 жылы "Ерекше көзқарас" атты номинация бойынша жеңіске жеткен болатын. 

Ал, "Айка" фильмі  Қырғызстаннан Ресейге келген қыз туралы әлемеуттік драма. Мәскеуде ол босанып, баласын перзентханада тастап кетеді. Фильмде қыздың соққыға толы ғұмыры мен аналық сезімі әсем бейнеленеді. Фильмнің режиссері – Сергей Дворцевой. 

Т. Есқали