Фильмдер: Болған оқиға ізімен

Демалыс күні сергіп алу үшін фильмдерді қарап тұру артық етпейді. Әсіресе, бұл фильмдердің тарихы маңызы болса, берері мол болмақ. 

– «Зодиак» –


Ел: 2007 
Жыл: АҚШ 
Жанр: Криминал, триллер 
Фильм Зодиак есімді қылмыскердің құйтырқы әрекеті туралы. 25 жыл бойына Сан-Франциско тұрғындарының бойын қорқыныш кернеп алады. Өйткені, журналистерді бопсалау арқылы бар қылмысын газет бетіне шығарып отыратын кісі өлтірушінің кім екені детективтерге де, журналистерге де беймәлім еді.

– Құлдықтағы 12 жыл (12 лет рабство) –

Жыл: 2013 
Ел: АҚШ 
Жанр: Биография, тарихи, драма 
Соломон Нортап – АҚШ азаматы. Афроамерикандық азамат білімді, музыкант әрі фермер болатын. Бірақ, ойламаған жерден оңтүстік штаттағы құл саудагерлеріне уысына түседі. Нортап басынан неше түрлі оқиғаларды кешеді. Заңды түрде еркіндік алу үшін он екі жыл ғұмырын сарп етеді... 

– Уотергейт (Уотергейт. Крушение Белого дома ) –

Ел: 2017 
Жыл: АҚШ 
Жанр: Биография, тарихи 
1-бөлімде «Президент әскері» атты фильмді қарауға ұсынып едік. Бұл фильм дәл сол оқиғаны өзге адамның атынан баяндайды. Яғни, Уотергейт жанжалына әкелген «The Washington Post» басылымының репортерлары Боб пен Карлға көмектесіп, ақпарат жеткізген ФБР агенті Марк Фелттің хикаясы айтылады.


– Дангал –

Ел: 2016 
Жыл: Үндістан 
Жанр: Драма, биография, спорт 
Спортшы Махавир Сингха Пхогата кедейіліктің кесірінен спорт мансабынан бас тартады. Бірақ, өзіне «ұлым міндетті түрде олимпиада чемпионы болады» деп уәде береді. Дегенмен, тағдыр оған 4 қызды сыйлайды. Басында бұған бола күйінгенмен, кейін қыздарынан спортшы дайындап шығуға бел буады. 

– Корея –

Ел: 2012 
Жыл: Оңтүстік Корея 
Жанр: Драма, спорт 
1991 жылы Оңтүстік және Солтүстік Корея бірігіп, үстел теннисінің командасын жинақтайды. Бұл команда Жапония, Тибеде өткен әлем чемпионатына қатысады.