Фильмдер: Болған оқиға ізімен (1-бөлім)

Фильмдер: Болған оқиға ізімен (1-бөлім)
Фото: kino-nik.ru

Фильмдерді сценарийі жазылуына қарай екі санатқа бөлуге болады: бірі кейіпкер мен оқиғалардың барлығы ойдан шығарылған, ал, екіншісі – тарихи оқиғаның аясында түсірілген фильмдер. Біз сіздерге болған оқиға ізмен түсірілген фильмдердің топтамасын ұсынамыз: 

1. Ар-ождан тұрғысынан (По соображениям совести) 

вв
Жылы: 2016 
Елі: Аустралия, АҚШ 
Жанры: Биография, драма, тарихи 
Екінші дүниежүзілік соғыс уақыты. Жапон аралы Окинава үшін шайқас алаңы. Жас әскер және АҚШ әскерінің дәрігері Дэзмонд Досс қару ұстап, жазықсыз адамдарды өлтіруден бас тартады. Ол Америка тарихындағы тұңғыш өз еркімен бас тарту идеясының негізін қалайды. 

2. Арыстан (Лев) 

ааа
Жылы: 2016 
Елі: Аустралия, Ұлыбритания 
Жанры: Биография, драма 
5 жасар үнді баласы өзі үйінен мың шақырым жерде орналасқан Калькуттаның көшесінде адасып кетеді. Көшеде адасып, аш құрсақ жүргенінде Аустралиялық жас отбасы оны өз тәрбиесіне алады. Асырап алған ата-анасының жүрегін жараламау үшін өзінің өткенін сөз етпейді. Бірақ, 25 жылдан соң, кездейсоқ кездесу оның өмірін түбегейлі өзгертеді. 

3. Басты назарда (В центре внимания) 

фф

Жылы: 2015
Елі: АҚШ
Жанры: драма, тарихи, криминал
АҚШ-та орын алған зорлық-зомбылыққа толы оқиғаның ешкім білмейтін тұсын көрсетеді. Әсіресе, журналист саласына қызығушылар үшін айрықша болатыны сөзсіз. Өйткені, фильмнің басты кейіпкерлері – шындыққа көз жеткізу жолында ешнәрседен қорықпаған журналистер. 

4. Патша сөйлейді! (Король говорит!) 

фцы

Жылы: 2010 
Елі: Аустралия, Ұлыбритания, АҚШ 
Жанры: биография, драма 
Герцог британ патшасы Георг VI орынына сайлануға дайындалып жүр. Ағасы тақтан бас тартқан соң, бұл қадамға амалсыз келіскен еді. Тіліндегі кемістік пен халық алдында тұтығатын әдетінен жасқанатын ол логопед Лайонел Логтің көмегіне сүйенді. Бір-біріне ұқсамайтын адамдардың арасында тұтанған достық пен ерекше дайындық жұмыстары болашақ патшаға өз септігін тигізді. 

5. Президент әскері (Вся президентская рать) 

фыв

Жылы: 1976 
Елі: АҚШ 
Жанры: Биография, драма, тарихи 
1972 жылы «Вашингтон Пост» газетінің екі журналисі бір оқиғаны зерттей бастайды. Бірақ, Боб Вудворд пен Карл Бернстин анықтаған барлық фактілер Уотергейт жанжалына бастама болып, Америка президенті Ричард Никсоннің тақтан кетуіне әкеп соғады. Олардың бұл айғақтарға қалай қол жеткізгеніне, еңбектері мен көрген қиыншылығына куәгер болғыңыз келсе, фильмді міндетті түрде көріңіз. 

6. Хатико: Ең адал дос (Хатико: Самый верный друг)

ыува

Жылы: 2008 
Елі: АҚШ 
Жанры: Отбасылық, драма 
Иттің өз иесіне дегені адалдығын сипаттайтын жан тебірентерлік оқиға өткен ғасырдың 20-шы жылдары Жапонияда болған. Бұл фильмде басты рөлді Ричард Гир сомдайды. Қарапайым университет профессоры Паркер Уилсонің ең сенімді досы – Хатико. Ол оны жұмысқа шығарып салып, жұмыстан күтіп алады. Кенеттен келген өлімнен соң, Хатиконың тағдыры да өзгерді. 

 7. Еліктеу ойыны (Игра в имитацию) 

фыв

Жылы: 2014 
Елі: Ұлыбритания, АҚШ 
Жанры: Биография, триллер, драма 
Фильм – екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зерттеу орталығының басшысы болып, шифрлі хабарламалардың шешімін тапқан ағылшын математигі Алан Тьюрингтің өмірі жайлы. Математика мен логикаға деген шексіз махаббаты оны жеңіске жетелейді.

Қай фильмді көрдіңіз?

Т. Есқали