Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Әлемдегі ең алғашқы мультфильм

Әлемдегі ең алғашқы мультфильм

Әлемдегі ең алғашқы мультфильм

Көптеген сарапшы мен сыншылардың арасында алғашқы мультипликациялық фильм жайлы дау әлі күнге дейін толастар емес. Себебі, алғашқы болуға үш түрлі мультфильмнің құқығы бар. Олар: «Фантасмагория», «Юмористические фазы веселых рожиц» және «Отель с призраками».

Мультипликацияны алғаш болып Эмиль Коль мен Джеймс Стюарт Блэктон ашты. Бірақ, ең алғашқы мультфильм деп «Фантасмагорияны» атауға болады.


Сарапшылардың пайымдауынша, 1900 жылға дейін Джеймс Стюарт Блэктон (James Stuart Blackton) Томас Эдисоннің камерасы үшін «жанды сиқырлы сурет» ойлап тапқан. Бұл жақта кино техникасы мен графика өзара үйлесім тауып, мультипликацияға жол ашқан.

Осы тәжірибеден соң, Джеймс Стюарт Блэктон 1906 жылы «Юмористические фазы весёлых рожиц» (The Humorous Phases of Funny Faces) мультипликациялық фильмді шығарды. Ал 1907 жылы "Отель с призраками" (The Haunted Hotel) мультфильмі жарыққа шықты. Бұл мультфильм үлкен сұранысқа ие болып, кеңінен танылды. «Тірілу», «жан біту», «өздігінен қозғалу» сияқты техникаларды пайдалану арқылы мультфильм өте әсерлі болып шықты.

Мультфильмді Париж қаласында көрсеткенде, Gaumont француз фирмасы танымал туындының қалай түсірілгенін білмей, мультфильм құпиясын ашуға тырысты. Франция халқы бұл мультфильмді «Америкалық қозғалтқыш» деп атап кетті. Алайда, Блэктонның туындыларын мультфильм деп айтуға келмес. Туындыларда тек кино техника мүмкіндіктерін көруге болады. Сондықтан да, сарапшылар "Фантасмагория" мультфильмін алғашқы деп атайды.

Француз суретшісі Эмиль Коль (Emile Cohl) 1908 жылы 27 тамызда "Фантасмагория" (Fantasmagorie) мультфильмін жарыққа шығарады. Бұл мультфильм ақ қағазға қара түсті түзулерді жүргізу арқылы түсірілді. Кейін суреттерді негативке басып, сурет үстін ақ бормен басты. 1,5 минуттық мультфильмге жеті жүзден аса сурет пайдаланылды.

Суреттер samogo.net ғаламтор бетінен алынған

3874 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 04 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
13 ақпан 2012, 11:39

мультфильмдерді шығару кино түсіруден де қиын ғой, адамдарға қуаныш сыйлау оңай емес

+0
13 ақпан 2012, 11:41

ескі американдық мультфильмдер сондай жақсы, сүйсініп көресің, Спанж Боб пен Наруто сияқты жын-жыбыр емес

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...