"Шантарам" романы бойынша сериал түсіріледі

"Шантарам" романы бойынша сериал түсіріледі
Фото: vk.com

Paramount Television компаниясы Грегори Дэвид Робертстің "Шантарам" романы бойынша сериал түсірмек.

Фильм продюсерлері қатарында көпшіліктің сүйікті картинасына айналып үлгерген  Eternal Sunshine of the Spotless Mind (Вечное сияние чистого разума) жобасымен жұмыстанған  Стив Голин де бар.

Фильмге арқау болған 800 беттік автобиографиялық роман Австралия түрмесінен Бомбейге шын махаббатын табу үшін қашып кеткен авантюрист кейіпкердің тағдырынан сыр шертеді. Бұл туынды соңғы онжылдықта ең көп аударылған романдар қатарын бастап тұр.

Естеріңізге сала кетейік, роман бойынша көркем фильм түсіріледі деген ақпарат тараған болатын. Бірақ, беймәлім себептерге байланысты аталған жоба әзірге тоқтатылып тұр.

А. Оралқызы