TOP-5: Жылдың үздік фильмдері

TOP-5: Жылдың үздік фильмдері
Фото: centr.kr.ua

Жыл сайын жаңа фильмдер шығып, көрермендерге қуаныш сыйлайды. Кейде асыға күткен фильміңіз сіз ойлағандай болмаса, кейде ойыңыздағыдан да әсерлі шығады. Сіздерге, осы жылдың үздік деп танылған фильмдерін ұсынамыз.

–5–
Тор: Рагнарёк

Image result for Тор: Рагнарёк gif

Marvel мен фантастика, соның ішінде ғылыми фантастиканы сүйетіндер үшін биыл қуанышқа толы болды. Өйткені, көрермендерін жылатқан Логаннан соң күзде «Тор: Рагнарёк» көрермендерге жол тартты. Қаһарман Тор мен қауіпті жауыз Локидің арасындағы шайқасқа нүкте қоятын сәт келгендей. Сценаристердің айтуынша, бұл фильмдегі оқиға «Кек алушылар» фильмінің келесі бөлімінде маңызды рөл атқарады. Егер жасөспірім кезіңізде «Гарри Поттердің» фанаты болсаңыз, енді есейіп көретін фильм таба алмай жүрсеңіз, сізге қарауға осыны ұсынамыз. Өйткені, сиқырға, керемет қабілеттерге тек балалар емес, ересектер де сенеді.

–4–
Ит өмірі (Собачья жизнь)

Image result for собачья жизнь gif

Реинкарнация – бұл адам өлген кезде оның жаны тағы бір мүмкіндікке ие болып, өзгеге қонады  деген сенім. Бұл фильм иттің тағдырын көрсетеді. Оның алғаш есін жиған сәтінен бастап, өлгенге дейінгі ғұмырын сипаттайды. Дегенмен, оның жаны қайтадын өзге иттің тәнінде жүреді. Енді ол мүлде басқаша өмір сүреді. Яғни, иттің жаны мәңгілік өмір сүреді. Қызықты фильм. Егер отбасылық фильмдер қызықтырса, көңіліңізден шығатыны анық.

–3–
Дюнкерк

Image result for дюнкерк gif

Бұл – Кристофер Ноланның алғашқы тарихи фильмі. Осы уақытқа дейін шытырман оқиғалы фильмдерді түсірген режиссер бұл фильмді шынайы оқиғаның негізінде түсірген. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында орын алған Дюнкерк оқиғасы кезінде үш жүз мың жауынгерді құтқару операциясын көрсететін фильмде диалогтардан гөрі, автордың бейнелеуі  әсерлі шығады. Тек жауынгер емес, бейбіт қалада өмір сүрап жатырған тұрғындардың бұл операцияға қатысып, қорықпастан өлімге қарсы жүзгені сізді толғандырып тастары анық. Көруге кеңес береміз.

–2–
Ван Гог. Махаббатпен,  Винсент  (Ван Гог. С любовью, Винсент)

Image result for ван гог. с любовью винсент gif

Бұл – майлы бояуды қолдану арқылы салынған әлемдегі бірінші толықметражды анимациялық фильм. 85 суретшінің әрқайсысы 62450 кадр жасаған. Бұл кадрларды жасау үшін, Ван Гогтың өзі қолданған әдісті пайдаланған. Егер деректі фильмдерді ұнататын болсаңыз, әсіресе, ерекше жұмыстарды сүйетін ослаңыз, сіз үшін таптырмас фильм болатыны анық.

–1–
Коконың құпиясы (Тайна Коко)

Image result for тайна коко gif

Коконың құпиясы өзінің ерекші әуенімен, балаға да, ересекке де беретін астарлы ойы арқылы көрермендер көңілінен шықса керек. Өйткені, бұл толықметражды анимациялық фильмнен алатын әсеріңіз ерекше болмақ. Ата мен немересі, отбасы құндылықтар мен музыкаға деген махаббатты бейнелейтін бұл фильмді балаларыңызбен отырып көрсеңіз де болады.

Т. Есқали