20 мың киносүйер адам ең үздік фильмді анықтады

20 мың киносүйер адам ең үздік фильмді анықтады
Фото: vk.com

Empire журналы  кинематограф тарихындағы ең үздік фильмдер рейтингін жасады. Тізімнің алғашқы сатысын 1972 жылғы «Өкіл әке» фильмі иеленді. 

Екінші орынға Ирвин Кершнердің 1980 жылғы «Жұлдызды соғыстар: 5 эпизод  — Империя есе қайтарады» («Star Wars: Episode V - The Empire Strikes Back») фильмі тұрақтаса, үшінші сатыдан  Кристофер Ноланның 2008 жылғы «Зұлмат рыцарь» («The Dark Knight») фильмі көрінді. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа «Шоушенктан қашу» («The Shawshank Redemption»), «Криминалды шығарма»  («Pulp fiction»), «Жақсы жігіттер» («The Nice guys»), «Индиана Джонс: Жоғалған кемені іздеу» («Indiana Jones: Seeking in the last crusade»), «Жақтар» («Jaws») және «Сақиналар әміршісі: Сақиналар бауырластығы» («The Lord of the Rings: The Fellowship of the Ring») туындылары енді. 

Рейтинг жасау үшін журнал редақциясы 20 мың киносүйер қауымнан сұхбат алған екен. Толық тізім журналдың 15 маусымдағы нөмірінде шығады.

Фрэнсис Форд Копполаның «Өкіл әке» фильмі — Марио Пьюзо романының экранизациясы. Басты рөлдерді Аль Пачино, Марлон Брандо мен Джеймс Каан сомдаған болатын. Фильм «Жылдың үздік фильмі», «Үздік сценарий» (Пьюзо мен Коппола), «Үздік актер» (Брандо) номинациялары бойынша 3 мәрте «Оскар» марапатын иеленген.

А. Оралқызы