70-Канн фестивалі – Жұлдыздар жиыны: Моника Беллуччи, Уилл Смит, Димаш Құдайберген

70-Канн фестивалі – Жұлдыздар жиыны: Моника Беллуччи, Уилл Смит, Димаш Құдайберген
Фото: harpersbazaar.com

Францияда 70-Канн фестивалі басталды. Әлем көз тіккен дүбірлі шара өз жұмысын бастап, әлемдік жұлдыздар қызыл кілеммен жүріп өтті. Канн фестиваліне Джессика ЧестейнПедро АльмодоварПаоло Соррентино, Уилл Смит, Моника Беллуччи, Белла ХадидЛили-Роуз ДеппДжулианна МурУма ТурманЭмили РатаковскиРобин Райт, т.б. аңызға айналған тұлғалармен қатар, қазақ әншісі Димаш Құдайберген де қатысуда. 

Моника Беллуччи – кештің жүргізушісі

Ума Турман

Уилл Смит

Джулианна Мур 

Лили Роуз Депп

Димаш Құдайберген

Биылғы Канн фестивалі аты аңызға айналған Клаудия Кардиналеге арналады. Клаудия Кардинале – белгілі италиялық актриса. Ол "Фицкарральдо", "Сегіз жарым" сияқты көптеген кинокартинада ойнаған. 70-Канн кинофестивалі 17-28 мамыр арасында өтеді. Биылғы жүлдеге 18 фильм үміткер болып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл кинофестивальге биыл алғаш рет қазақстандық режиссерлер де қатысады. Еліміздің атынан жас режиссер Диас Әзімжановтың "Ультио" атты қысқаметражды фильмі Short Film Corner секциясында жұртқа таныстырылмақ. 

М. Оңғарова