"Мұзды өлке" анимациялық фильмі

"Мұзды өлке" анимациялық фильмі
Фото: vk.com

"Walt Disney Animation Studios" ұсынған "Мұзды өлке" толықметражды анимациялық фильмі 2013 жылы жарыққа шықты. Крисс Бак пен Дженнифер Ли режиссерлік еткен туынды "Үздік анимациялық фильм" және "Үздік әуен" санаттары бойынша алған "Оскар" жүлдесін иемденді.

Фильмде әпкелі-сіңлілі Эльза мен Анна ханшайымдардың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Туғанынан бойында сиқыры бар Эльза бала кезінде өз күшіне ие бола алмай сіңлісін абайсызда жарақаттап алады. Осы оқиғадан кейін орман ішінде өмір сүретін тролльдар патша мен патшайымға Эльзаның сиқыры өскен сайын күшейе беретінін және әзірге оны басқалардан тасада ұстау керектігін айтады. Бірақ бұл кішкентай қызға ауыр соққы болып тиеді. Уақыт өте қыздар ата-анасынан айырылып, Эльза патшайым атанған шақта, ол сіңлісімен сөзге келемін деп өз сыйқырына ие бола алмай, жұрттан таса жерге қашып кетуге мәжбүр болады. Осы күннен бастап қалың қар түсіп, патшалыққа ұзақ қыс келеді. Бұл қысты тек Эльза тоқтата алады деп шешкен Анна әпкесін іздеу үшін жолға шығады. Жолай оның жанына мұз оюшы Кристофф пен оның бұғысы Свен және аққала Олаф қосылып, төртеуі түрлі қызықты оқиғаға тап болады.

Y. Almabek