"Галактика сақшылары" фильмі қазақ тілінде

"Галактика сақшылары" фильмі қазақ тілінде
Фото: kudago.com

"Marvel Comics" компаниясының комикстері желісі бойынша түсірілген бұл фильм көрермен назарына 2014 жылы ұсынылды. Туындыға Джеймс Ганн режиссерлік етіп, Крисс Прэтт, Зои Салдана, Дэйв Батиста, Вин Дизель, Бредли Купер сынды танымал жұлдыздар қатысқан. Айта кетерлігі, фильмнің өндірісіне 170 миллион доллар қаржы жұмсалған көрінеді. Ең бастысы – "Галактика сақшылары" ана тілімізге аударылған Голливудтың кезекті туындысы.

Оқиға 1988 жылдан бастау алады. Анасының қайтыс болғанына қайғырып, көпшіліктен тасада қалуды ұйғарған Питер Квиллді жат планеталықтар алып кетеді. Олар 26 жыл ішінде баланы атышулы ұры етіп тәрбиелейді. Күндердің бір күнінде өзінің кезекті тапсырысын орындаймын деп Питер үлкен шырғалаңға тап болады. Ол ұрлаған құпия шар бірқатар алып күштердің көптен іздеген заты екені анықталады. Аяқ асты басына бәле тілеп алған жігіт мәселені шешу үшін өзін өлтірмек болған жалдамалы баскесерлермен бітімге келіп, зұлымдыққа қарсы соғысуға мәжбүр болады.

Y. Almabek