Дисней мультфильмдерінің қаһармандары неге ақ қолғап киеді?

Дисней мультфильмдерінің қаһармандары неге ақ қолғап киеді?
Фото: poleznoe.ru

Балаларға арналған мультфильмдер кейде ересектерді де өзіне елітіп әкетеді. "Том мен Джерри" сынды анимациялық фильмдердің қатарынан "Микки Маусты" да көруге болады. Ұзақ жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан мұндай дүниелер бүгінде технологиямен бірге дамып келе жатқандығы да белгілі. Алайда осындай қызықты анимациялық фильмдердің ішінен көп адам елей бермейтін кішкентай дүниені назарларыңызға салуды жөн санап отырмыз. Дисней студиясының қаһармандары неге ақ қолғаппен жүретінін көп жан ескермейді. Бірақ соның арқасында аталған студия үлкен жетістіктерге жетіп отыр.

Жиырмасыншы жылдардың басында мультфильм саласы енді-енді құрыла бастаған. Сол уақытта барлығын қолмен салып, оған компьютердің көмегімен қимыл беретін болған. Ескі дәуірдің компьютер экрандары да қара және ақ түсті болғандықтан рөлдегі ойыншықтардың қолы мен аяғы бірдей болып көрінеді екен. Сол себепті оның түсін ақ етіп, тышқанға емес, адамға ұқсасын деп қолғап кигізіп қойған. Бірден екі жағдайдың шешімін тапқан Дисней студиясы бүгінде үлкен көлемде жұмыс істеуде. 

B. ZHAQSYMBET