- Негізгі бет
- Кино
- «Аниме» деген не?...
«Аниме» деген не?
ХХІ – ғасыр ақпарат кеңістігі. Көгілдір экран арқылы ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған идеологияның негізінде әр ел өзінің мәдениетін, тарихын, дәстүрі мен ғұрпын түрлі сериалдар, фильмдер, мультфильмдер арқылы көрсетуге тырысуда. Бұл – қоғамның талабы. Соның ішінде күн шығыста жатқан жапон елінің «аниме» атты анимациялық мультфильмдер желісі тек елдің өзінде ғана емес, бүкіл әлемге танымал болды.
«Аниме» дегеніміз не?
Аниме – жапон анимациясы. Жапон тіліндегі аудармасы да осы нұсқаны көрсетеді. Анименің қарапайым мультфильмдерден айырмашылығы көрермендері тұрақты балалар емес, орта жасқа да және үлкендерге де арналған. Аниме суретпен салынған кейіпкерлерімен ерекшеленеді.
Аниме жалпы көрерменге арналған серия түрінде және жеке қызығушыларға арналған арнайы фильм ретінде де көрсетіледі. Ең қызығы бір анименің өзінде түрлі жанрлар мен кейіпкерлер тоғысқан.
Анименің жарыққа шығуына жапондық «манга» мен «ранобэ» атты суретті сюжет негіз болған.
«Аниме» сөзінің этимологиясы
«Аниме» сөзі түп тамыры ағылшынның «animation» сөзінен шыққан. Жапон тілінде аталған атау өте күрделі әрі ұзақ түсіндіруге тура келетіндіктен оны «аниме» деп қысқартқан. Терминнің шығуына байланысты дау бар. Өйткені халықаралық тілдердің лексикалық сөздігіне енген түбірдің тегіне француздар да таласады. Ол француз тілінің «dessin anime» сөзінен шыққан деген де болжам бар. Ең ақыры жапондардың тіл мамандары «аниме» сөзі кез келген аниме жанрында түсірілген сюжетке берілетін атау деп тапты.
1970 жылдардың ортасына дейін аниме сөзінің орнына «манга-эйга» сөзі қолданылып келді. Бұл дегеніміз «сайқымазақ кино» деген атауға ие. «Манга-эйга» атауы тек ел ішінде ғана қолданыста болғандықтан, шет ел асып танымалдыққа ие болған күннен бастап жалпы халықтық атауын "аниме" деп бекіткен.
«Аниме» тарихы
«Аниме» сөзінің шығу тегі ХХ ғасырдың басынан бастау алады. Ең алғашқы ескі әрі сақталып қалған түрі «Katsudo Shashin» деп аталатын 3 секундқа ғана созылған аниме. Тек 1917 жылы анименің алғашқы жеңісі 2 минутқа созылған «Namakura-gatana» аталатын, самурайдың қылышы туралы сюжет болды.
Алғашқы анимелердің бірі
1933 жылы тұңғыш рет анименің дыбыстық жүйесі іске қосылды. Уақыт өте келе «аниме» тек көңіл көтеруге арналған анимациялық кейіпкерлердің желісі емес, мемлекеттік деңгейдегі құралға айналды. Себебі аниме арқылы жапондар өз елінің тарихын, жеңісті күндерін халыққа көрсетуге мүмкіндік алды. Аниме сонау бастау алған кезінен бастап классикалық жанрдың үлгісін үзбей көрсетіп келеді. Тек кейін келе ғана заманауи жанрдағы сюжеттік көріністері пайда бола бастады.
Аниме – тәрбиелік мәні жағынан, ұрпақ санасына адамгершілік пен достықты, кеңдікті үйретуге негіз болатын анимациялық фильмдер желісінің үздігі.