«Оскар» алған Джеки Чан туралы 7 дерек

«Оскар» алған Джеки Чан туралы 7 дерек
Фото: KP.UA

Бүкіл әлемде баласынан қартына дейін фильмдерін үзбей көретін, сүйікті әрі керемет актер Джеки Чан кино саласына сіңірген зор еңбегі үшін «Оскар» жүлдесін алды. Оның бұл жеңісі – жылдар бойына жасаған қажырлы еңбегі мен кино әлеміне деген махаббаты. Атақты актер жайында қызықты деректерді біле отырыңыз.

1. Әлемде ешбір компания актердің өзіне де, оның командасына да сақтандыру жасамайды. Сондықтан ол өзінің жолдастары үшін және сынған сүйектері үшін жауап беруге, ақшасын төлеуге мәжбүр.

2. 130 миллионға татитын байлықтың астында жатқан Джеки Чанның ұлы бір тиын да алмайды. Актердің өзі айтқандай: «Ол талпынса бұл ақшаны таба алады, ал керісінше болса ақша далаға кетеді».

3. Қатар тұрған жиырма қабырғаны ұрып сындырған кезде актердің жұдырығы ішінде жұмыртқа жарылмай сақталған. Шеберлік деп осыны айтыңыз!

4. 1980-1990 жылдары актер фильмде пайдаланып жүрген суық қаруларын өмірде де ұстауға тура келген. Сол кезде қиын-қыстау жағдайға байланысты тіпті граната да болған.

5. Актердің өзі түскен фильмдерінің ішіндегі ең жек көретіні – «Час Пик» фильмі. Себебі ол ағылшындардың қалжыңдарын түсінбейтінін алға тартады. Ал бұл фильмге түсуге оны жетелеген нөлдері көп ақша...

6. Актер жеті тілде еркін сөйлейді: кантон, мандарин, ағылшын, неміс, корей, жапон және тай.

7.  Джеки Чанның шын есімі – Чанг Конг-Санг.

М. Ақан