28 қазан – халықаралық анимация күні

28 қазан – халықаралық анимация күні

28 қазан күні атап өтілетін халықаралық анимация күні халықаралық анимациялық кино қауымдастығының ұсынысымен бекітілген болатын. Бұл күн көрерменге алғаш жол тартқан анимациялық технологияның  110 жылдығына сәйкес келді. 

1892 жылдың 28 қазан күні суретші әрі ойлаптапқыш Эмиль Рейно Парижде көрермен қауымға жаңа дүние ұсынған еді, ол – «оптикалық театр». Ол тұңғыш рет қозғалатын суреттер көрсететін праксиноскоп құрылғысын баршаға паш етті.  
Қазір осы аппарат мультфильмдердің бастамасы ретінде қабылданады.

Ал, сіз мультфильмдерді ұнатасыз ба? Сүйікті анимациялық фильмдеріңіз қандай?

А. Оралқызы