- Негізгі бет
- Кино
- Көруіңіз керек 10...
Көруіңіз керек 10 фильм
Күнделікті өмірде, жалпы бос уақытта қарап шығуға болатын көптеген кинолар бар. Бірақ бәрі дерлік сізді қанағаттандырады деп айта алмаймыз. Өйткені бірінің сапасы төмен болса, бірінің сюжеті сын көтермейді. Сондықтан сіздерге саралап отырып, көруге болатын 5 фильмнің тізімін ұсынып отырмыз.
1. «Өзгеге төле» («Заплати дургому»)
Фильм сюжеті өте ерекше. Негізгі мақсат – адамзатты жақсылыққа, ізгілікке шақыру. Фильм аты айтып тұрғандай «жақсылық шеңберін» жасау арқылы жүзеге асады.
Жанр – драма, мелодрама;
Ұзақтығы –123 мин.
2. «Басы» (Начало)
Фильм сізді шытырман оқиғаларға бастап алып барады. Ең қызығы бүкіл оқиға өңде емес, түс ішінде орындалады. Бір түстің ішінен екінші түске кіру жүйесі жүзеге асады. Басты кейіпкер – Ди Каприо.
Жанр – ғылыми фантастика, детективті триллер;
Ұзақтығы – 148 мин.
3. «Шексіздікті түсінген адам» («Человек который познал бесконечность»)
Сандар арқылы ғылымға жол тартып, адам жан дүниесімен астасып жатқан көптеген сұрақтарға жауап іздеуге шақыратын, сананы жұмыс істетуге итермелейтін фильм. Бұл жайында Массагет сайтында жазылған рецензияны да оқуларыңызға болады.
Жанр – биографиялық драма;
Ұзақтығы – 154 мин.
4. «Ең керемет сөз байлау» («Лучшее предложение»)
Фильм шексіз махаббат пен өтірікке толы екі ортадағы өмірлік тағдырларға тән түсірілген. Жас пен кәрінің арасындағы сезімнің түбі белгілі бір есепке негізделетінін ашып берген, сюжеті күрделі, сүйіспеншілік пен жалғандыққа толы дүние.
Жанр – мелодрама;
Ұзақтығы –131 мин.
5. «1+1»
Фильмдегі ең басты құндылық адам қандай жағдайда болмасын оған аяушылықпен қарау, мүсіркеу оның аяқтан тік тұрып кетуіне себепкер бола алмайтынын ашып көрсеткен. Фильмді көру арқылы сіз басты кейіпкердің алаңғасарлығына, оның әзілге жақын істеріне қарап сүйсінесіз.
Жанр – Трагикомедиялық драма;
Ұзақтығы –153 мин.
Жалғасы бар...
М. Ақан