Ван Дамм мен Майк Тайсон «Кикбоксер» фильмінің ремейкіне түсуде

Ван Дамм мен Майк Тайсон «Кикбоксер» фильмінің ремейкіне түсуде
Фото: viodao.ru

Танымал голливуд  актері Жан-Клод Ван Дамм «Кикбоксер» фильмінің сиквеліне түсіп жатыр. «Кикбоксер: Жаза» деп аталатын картина 2017 жылдың жазында көрерменге жол тартады.

Жаңа фильмде Ван Дамм жекпе-жек өнерін үйретуші ұстаз Дюранның рөлін сомдайды. Ұстазға қарсы тұратын қандықол қылмыскер, түрме әлемінің өкілін американдық боксшы Майк Тайсон ойнайтын болады.

Айта кетейік, «Кикбоксердің» түпнұсқасы 1989 жылы жарық көрген. Сарапшылардың айтуынша, кинолента Ван Дамм түскен ең үздік триллер қатарында. 

Дереккөз: inform.kz

Г. Берік