Додо құсы қазақстандық балаларға ағылшын тілін үйретеді

Додо құсы қазақстандық балаларға ағылшын тілін үйретеді

Қазақстанда балаларға арналған  "Додо ертегілер әлеміне шақырады" атты жаңа телевизиялық бағдарлама көрсетілетін болады. Осылайша қазақстандық балалар Додо құсымен бірге түрлі ғылымның басын ашып, үйренетін болады. Бұл туралы сериал режиссері Дарья Белкина айтып берді.

Жеті немесе он минуттық телебағдарлама аптасына бес рет, күніне екі рет көрсетілетін болады. 5-8 жас аралығындағы балалар үшін түстен кейінгі уақыт таңдалса, 8-12 жас аралығындағы оқушылар бағдарламаны таңертеңгі уақытта тамашалай алатын болады. Жоба авторларының айтуынша, аптаның әр күніне өзіндік тематика белгіленген. Мәселен, дүйсенбі күні математика, бейсенбі күні әліппе, сәрсенбі күні ағылшын тілі... Қазақстандық балалар мен жасөспірімдер, сонымен қатар, еліміздің тарихи, архитектуралық тұрғыда қызықты орындары туралы тыңдап біле алады.

Режиссер сериалды тарататын телеканалдың әлі таңдалмағандығын айтып өтті. Бұл мәселе қыркүйектің басында, пилоттық бағдарламаның пресс-көрсетілімінен кейін белгілі болмақ. "Рөлдік интерактивтік ойын негізінде дайындалған бұл жобаның Қазақстанд аналогы жоқ. Пилоттық бағдарламаның сценариі бойынша, сүйкімді, ақымақтау, мейірімді құс ауырып қалады. Балалар бірігіп оған неше дәрумен жеу керектігін анықтауы керек. Осылайша олар Додо құсқа ақыл айта отырып, өздері де көп нәрсені біліп, үйренетін болады", - деді Дарья Белкина.

Кішкентай Додо құсының образын 15 жасар қыз сомдайтын болады. Айта кетелік, бұл жоба үшін арнайы кастинг ұйымдастырылып, 200 баланың арасында таңдау жасалынды. Бағдарламаны отандық танымал клоундар Мұрат және Кәрима Мұтырғановтар жүргізбек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сериал эфирде 2013 жылдың қаңтарынан бастап шыға бастайды. Сонымен қатар, үздік сценрий конкурсын өткізу жоспарда бар екендігін де айта кетелік.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Жоба ұйымдастырушыларынан