- Негізгі бет
- Кино
- Джеймс Кэмерон "Аватардың"...
Джеймс Кэмерон "Аватардың" төрт сиквелін түсіреді
Голливуд режиссері Джеймс Кэмерон кино тарихындағы ең көп касса жинаған "Аватар" фильмінің жалғасы ретінде төрт фильм түсіретінін мәлімдеді, − деп хабарлайды Variety.
Кэмерон алғашында екі фильм түсіруді жоспарлайды. Дегенмен сценарийшілермен және дизайнерлер тобымен жобаны талқылағаннан кейін ол жиналған материалдардың екі фильмге сыймайтынын түсінеді. Нәтижесіне режиссер "Аватар" фильмінің жалғасы ретінде "төрт эпостық фильм болатынын, олардың барлығы бір саганы құрайтынын" мәлімдеді. Кэмеронның айтуынша, жобамен көп адам таныса қоймағанымен, оның материалдарын көріп үлгергендер қатты таңғалған.
"Аватардың" екінші бөлімі 2018 жылы шығатыны белгілі болды. Қалған үш фильмнің тұсаукесері 2020, 2022, 2023 жылдарға жоспарланған. Айта кетейік, "Аватардың" жалғасы 2015 жылы шығуы керек болған, дегенмен кейін 2017 жылға ауыстырылған болатын.
"Аватар" фильмі 2009 жылы шығып, прокатта 2,79 миллиард доллар жинады. Фильмге виртуалдық түсірілім жүйесі қолданылды. Мұндай техника киноматографияда алғаш рет пайдаланылды.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін