• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

Голливуд қазақтың бүркітші қызы туралы ертегі түсіреді

Голливуд қазақтың бүркітші қызы туралы ертегі түсіреді
Фото: Tengrinews.kz

20th Century Fox Animation компаниясы қазақтың Моңғолиядан шыққан бүркітші қызы туралы деректі фильмнің ремейгінің құқығын алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. 13 жастағы қыз әлемдегі ең жас бүркітші ретінде танымал, − деп жазады Hollywoodreporter.com.

Қаңтар айында Sundance кинофестивалінде режиссер Отто Беллдің The Eagle Huntres ("Бүркітші") атты деректі картинасының көрсетілімі болған еді. Картинада ата-баба дәстүрін жалғастырып келе жатқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы жөнінде баяндалады. Айшолпанның әкесі − Моңғолиядағы әйгілі бүркітші. Олардың арғы аталары да осы өнерді кәсіп қылған екен. Отбасыдағы төрт баланың ішінде Айшолпан ғана бүркітшілікке бет бұрыпты. Картинаның алғашы көрсетіліміне бүркітші қыздың өзі де қатысты. Ол АҚШ-қа Маңғолиядан ата-анасымен бірге барған.

Айта кетейік, бұл өнермен негізінен ер адамдар көп айналысады.


Бұған дейін Sony компаниясы бұл фильмді Латын Америкасы, Жаңа Зеландия, Германия, Аустралия мен Азияда көрсету құқығын иеленген болатын. Дегенмен 20th Century Fox Animation картинаға ремейк түсіру керек деген шешімге келген. Келіссөздер аяқталуға таяу қалды.


Дерекккөз: tengrinews

 

 

С. Ерсін