Адамбаевтың "екінші келіні" көрерменге жол тартты

Адамбаевтың "екінші келіні" көрерменге жол тартты
Фото: pandaland.kz

Дүйсенбінің кешінде көптен күткен «Келинка Сабина 2» фильмі көрерменге жол тартты. Әзілге толы туындының баспасөз маслихатында да түрлі қызықты оқиғалар орын алды.  

Фильм түсіруге әбден төселген Нұртас Адамбай небары 15 күннің ішінде таспалап шығыпты. Дегенмен онда да қызықты оқиғалар аз болмады, дейді Адамбай. "Жәнібектің туған күнін түсірер кез өте қиынға соқты. Сол күні жаңбыр жаууы керек еді. Ал біз онда үлкен декорация орнатып қойғанбыз. Түсірілім барысында бәріміз аспанға қарап жалбарындық. Тілегіміз қабыл болып, барлығы біткен соң жаңбыр құйды" - дейді екінші рет келін атанған Нұртас Адамбай. Осыншама қиын сәттерді бастан кешкен Нұртастың бұл туындысы көпшілік көңілінен шықты.

"Әлемдік практикада сиквел көбіне сәтті шықпайды. Осы жолы Сабинаның екінші бөлімі сәтті шықты. Сондықтан баршаңызға көруге кеңес беремін", - деді жұлдызды көрермен Данияр Өтеген. Режиссер Асқар Бисембин де жаңа туынды көңілінен шыққанын айтты. "Екінші фильм біріншісіне қарағанда сәтті шыққан. Бұл сирек кездесетін жағдай. Кино тарихында мұндай жетістікке жеткен 2-3 фильмді еске түсіруге болады",- деді Асқар Бисембин. 

Дереккөз: gakku.kz

Н. Үсенова