- Негізгі бет
- Кино
- Дженнифер Энистон күйеуге...
Дженнифер Энистон күйеуге шықпақ
Голливудтық кино-актриса Дженнифер Энистон тағы да күйеуге шықпақ. Бұл жолғы таңдауы актер, сценарист Джастин Теру болып отыр. Бұл туралы People хабарлайды.
"Джастин Теру жұма күнгі туған күнін жақсы өткізкен еді. Сол кеште жақын құрбысы Дженнифер Энистоннан керемет сыйлық алды. Яғни күйеуге шығасың ба деп сөз салған болатын" - деп актердің өкілі айтты.
43 жастағы Энистон мен 41 жастағы Теру "Саяхатқа құмарлық" (Wanderlust) киносының түсірілім алаңында танысқан екен. Және қай уақытта үйленетіндері туралы айтылмай отыр.
Айта кетсек, Энистон "Достар" телесериалында Рэйчел Гриннің рөлін сомдау арқылы көпшілікке танымал болған-ды. Оның алдындағы күйеуі 2000 жылы тұрмысқа шыққан Брэд Питт-тұғын. Араға бес жыл салып ажырасып кеткен. Баспасөз құралдарының айтуынша, ажырасудың басты себебі ретінде Брэд Питт пен Анджелина Джоли арасындағы қарым-қатынас айтылады.
Себебі:tengrinews.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига