Леонардо Ди Каприо "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды

Леонардо Ди Каприо "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды
Фото: lady.tsn.ua

Танымал актер Леонардо Ди Каприо "Выживший" фильміндегі рөлі үшін "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды, − деп хабарлайды The Hollywood Reporter. 73-ші марапаттау рәсімінің трансляциясын NBC жүргізіп жатыр.

Бұл − Ди Каприоның үшінші "Алтын глобусы". Бұған дейін ол "Авиатор" және "Волк с Уолл-стрит" картиналарындағы рөлі үшін осы сыйлықты алды. Сонымен қатар "Выживший" лентасы үздік кинофильм атағын иеленді. 

"Әйелдер арасындағы үздік коммедиялық рөл" категориясында Джениффер Лоуренс "Джой" картинасындағы жұмысы үшін үздік болды және "әйелдер арасында үздік драмалық рөлі" үшін "Алтын глобусты "Комната" фильміндегі Бри Ларсон жеңді."

Режиссер Ридли Скоттың "Марсианин" ғылыми-фантастикалық фильмі "үздік комедия/мюзикл" аталымын иеленді. 


Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін