"Выживший" фильмінің режиссері Алехандро Иньярриту "Алтын глобус" жүлдесін алды

"Выживший" фильмінің режиссері Алехандро Иньярриту "Алтын глобус" жүлдесін алды
Фото: starbom.com

Режиссер Алехандро Иньярриту "Выживший" фильмі үшін "Алтын глобус" жүлдесін алды. Бұл аталымда Тодд Хейнс ("Кэрол"), Том МакКарти ("В центре внимания"), Джордж Миллер ("Безумный Макс: Дорога ярости") және Ридли Скотт ("Марсианин") картиналары ұсынылды.

"Алтын глобус" жүлдесінің тұжырымы бойынша 2015 жылдың үздік сериалы атағына "Мистер Робот" лайық деп танылды. Бұл атаққа "Игра престолов", "Чужестранка", "Нарко" және "Империя" фильмдері таласқан еді. Ал Леди Гага өз кезегінде "Американская история ужасов. Отель" минисериалындағы рөлі үшін Голливудтың шетелдегі басылымының Ассоцияциясының сыйлығын алды.

Венгрдің "Сын Саула" картинасы "шет тіліндегі үздік фильм" аталымы бойынша "Алтын глобусты" жеңіп алды. Бұл категорияға Түркияның, Францияның және Катардың бірлесіп түсірген "Мустанг" фильмі, Чилидің "Клуб" картинасы, Финляндия мен Эстонияның бірлесіп түсірген "Фехтовальщик" фильмі және Бельгияның "Новейший Завет" картиналары кірген еді. 

Еске салайық, "Алтын глобус" сыйлығы 1942 жылдан бастап беріліп келеді. Бұл − АҚШ-та кино және телевизия саласындағы ең үздік жұмыстар үшін журналистер тобына тапсырылатын сыйлық. Ассоциацияға 55 елдің 90-нан аса репортері кіреді.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін