"Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" фильмі небәрі 18 күнде түсірілген

"Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" фильмі небәрі 18 күнде түсірілген
Фото: vk.com

Осы аптада қазақстандық әйгілі "Ауылдан қашу" фильмінің жалғасы прокатқа шығады. Актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбайдың туындысын еліміздің кинотеатрларынан 26 қарашадан бастап көруге болады.

Екінші бөлімде басты рөлдерді Нұртас Адамбаев пен Аружан Жазылбекова ойнайды. Сонымен қатар фильмге Дінмұхамед Ахимов, Әлішер Өрікбаев, Жан Ізбасар, Әлішер Өрікбав, Айнур Ілиясова, Бауыржан Орда, Максим Акбаров, Бахтияр Қожа түсті.

Айта кетейік, фильмнің алдын ала көрсетіліміне 600 қонақ келіп, актерлер мен тілшілер 4 кинозалдан тамашалады. Төрт залға адамдар лық толды.

Продюсердің айтуынша, адалдық, достық, махаббат пен ақша туралы фильм 18 күнде түсіріліп біткен. "Шынымды айтсам, фильмді біз 22 ауысымда түсірдік. Аружан Жазылбекова алаңда көп жұмыс істеп жатқанымызды үнемі еске салып тұрды. Дегенмен жұмысымыздың әр сағатында пайдалы дүниелердің коэффициенті жоғары болуын қатты қадағаладық. Себебі біз фильмді мемлекеттің емес, өз қаражатымызға түсірдік", − деді картина режиссері Нұртас Адамбаев.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін