Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Мұстафа Шоқай" - кемеңгер туралы фильм

"Мұстафа Шоқай" - кемеңгер туралы фильм

Қазақ киносының дамуына үлесін қосып жүрген беделді режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Мұстафа Шоқай» киносы мемлекеттік тапсырыспен түсірілген.

ХХ ғасырдың алғашқы тоқсанында саяси қызмет атқарған Мұстафа Шоқай өмірі мен тағдыры туралы тарихи туынды 2008 жылдың 20 қарашасында жарыққа шықты. Фильмде елінің азаттығын аңсаған азамат Мұстафа Шоқайдың өмірі, саяси жолы, Түркістан, Кавказ, Түркия, Франция елдеріндегі эмигранттық тағдыры, айдауға түскен кезде көрген қиыншылықтары айқын көрініс тапқан. Сүйікті жары, опера әншісі Мария Горина жолдасының жанын түсініп, өз қызметін пида қылады.


Режиссер Сатыбалды Нарымбетов Мұстафа Шоқайдың өмірінің көпшілік біле бермейтін кейбір сәттерін ашып, оны көрермен қауымға кеңінен танытты. Ол неше түрлі желеумен талай жанды концлагерьдегі өлімнен құтқарып, олардың Еуропа аумағында емін-еркін өмір сүруіне ықпал етті.


Фильм сценарийінің алғашқы нұсқасын белгілі жазушы Әкім Тарази кинороман қылып жазды. Кейін Сергей Бодров пен Ермек Тұрсынов кинороманға сүйене отырып, фильм сценарийінің жеті-сегіз нұсқасын жазып шығарған.

Басты кейіпкер Мұстафа рөлін қырғыз актері Әзиз Бейшеналиев сомдады. Ал оның жары Мария Горинаның бейнесін кәсіби әртіс болмаса да, қазақ өнерінде өз орны бар әнші-сазгер Карина Абдуллина жоғары деңгейде орындап шықты.


Фильмге Лия Нэльская, Тоқтарбек Қамшыбай,  Берік Айтжанов, Мұхаммед Исо Абдулхаиров, Игорь Гузун, Антон Зорба (Мясников), Наталия Аринбасарова, Сергей Уфимцев, Дмитрий Скирта, Иржи Конечны, Милош Конечны, Вацлав Легнер, Алексей Шемес, Бақытжан Әлпейісов, Сергей Погосян, Ирина Капустина, Григорий Ефимов (Эпштейн), Владимир Крылов (IV), Игорь Горшков, Марина Куделинская сынды қазақстандық және шетелдік әртістер түскен.

Қызықты мәліметтер:

  • Фильм үш жылдай уақыт түсірілді.
  • Марина Горина рөлін сомдауға ресейлік актриса Шолпан Хаматова шақырылған. Алайда, актриса қаламақысы жоғары болғандықтан, киноға басқа актриса іздестірілді.
  • Фильмнің ұзақтығы түпнұсқада бес сағатқа жетеді.

Форумда талқылау

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.

6603 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 17 қаңтар 2012, 10:30
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...