Интернетте Warcraft фильмінің трейлері пайда болды

Интернетте Warcraft фильмінің трейлері пайда болды
Фото: tn.kz

Интернетте Warcraft фильмінің трейлері пайда болды, – деп жазады Filmpro.ru. Кино Blizzard студиясы жасаған ойынның негізінде түсірілген.


Warcraft фильмі прокатқа 2016 жылдың маусымында шығады. Фильм режиссері – Дункан Джонс. Джонстың айтуынша, картинада жағымды немесе жағымсыз кейіпкер болмайды.

Айта кетелік, киноиндустрия мамандары Warcraft ойынының негізінде фильм түсіруді бұрыннан ойлап жүр. Мысалы, бірнеше жыл бұрын StarCraft фильмі шығуы керек болған. Бірақ басталған жоба аяқсыз қалып қойды.

М. Бисембаева