«Эверест» картинасын қазақстандықтар бірінші болып тамашалады

«Эверест» картинасын қазақстандықтар бірінші болып тамашалады
Фото: mywatchfreemoviesonline.com, i.ytimg.com

Голливуд блокбастері «Эверест» фильмін әлемдік премьерадан бұрын Kinopark 11 (Есентай) IMAX 3D көрермендері бірінші болып көрді. Әлемге әйгілі киножұлдыздар түскен туындыға қомақты қаржы жұмсалған.

Режиссер Бальтасар Кормакура түсірген «Эверест» туындысын біздің елде көрсетеді деген ақпарат тарағалы оны тек альпинистер ғана емес, осы спорт түрінің жанкүйерлері де асыға күткен еді. Ал шыңдарды бағындырған альпинисттер Кинопарк залына жиналғандарға шынайы Эвересттің не екенін айтып берді. Екі сегізмыңдыққа оттегісіз шыққан Светлана Шарипова да өз әсерімен бөлісті.

Светлана Шарипова, альпинист:

Биік тауларды тек теледидардан көрсе де, оны ұнататын, биіктікке құмартатын, тауға деген ынта-ықыласы бар адамдардың арасында болу, осындай жиынға қатысу мен үшін үлкен қуаныш болып табылады. Фильм шынайы оқиғаларға негізделген. Бір кейіпкердің прототипі ретінде 1996 жылғы Эвересттегі қайғылы оқиғада 3 адамды өліммен құтқарып қалған қазақстандық альпинист Анатолий Букреевтің өмірі суреттеледі. Букреевтің рөлін исландиялық актер Ингвар Эггер Сигюдссон ойнайды.

Мақсұт Жұмаев, альпинист:

- Бұл туынды адамдардың өмірін құтқарып қалып, ерлік жасаған біздің отандасымыз Букреев Анатолий жайында болғандықтан қызықты. Әрине, әрбір альпинист бұл оқиғаны біледі. Негізгі мақсат қазақстандықтар бұл фильмді көріп, өздерінің отандастарының ерлігін танып-білсе екен деген ойдан туды.

Осы ерлігі үшін де Анатолий Букреевке Дэвид Саулсаза атындағы америкалық альпинистер клубының сыйлығы берілген. Әлемдік тұсаукесері 24 қыркүйекте болатын бұл фильмді қазақстандық көрермендер бүгіннен бастап IMAX кинозалдарынан көре алады.


Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы