- Негізгі бет
- Кино
- Никулиннің нақыл сөздері...
Никулиннің нақыл сөздері
Қалың көпшілікке күлкі сыйлаған әйгілі әртістердің бірі әрі бірегейі – Юрий Владимирович Никулин. Оның ойнаған фильмдері мен сомдаған рөлдеріне бала кезімізден ғашық болғанымызды ешқайсымыз жасырмаймыз. Юрийдің шытырман оқиғаға толы шығармашылық жолымен де жақын таныспыз. Сондықтан бүгін біз сіздердің назарларыңызға сүйікті әртістеріңіздің өмір, өнер туралы айтқан нақыл сөздерін ұсынамыз.
Егер мен жайлы біреу: «Ол мейірімді адам болып еді» деп айтса, мен бақытты боламын. Өйткені мен әрдайым мейірімдімін деген сөз емес, бірақ мейірім мен үшін бәрінен де бірінші орында.
Қарапайым күлімсіреген адамның өзі маған қуаныш сыйлайды. Себебі жай жымиғанның өзінде адам ағзасында мыңдаған микроб өледі.
Зұлым адамдарға ешқашан кектенбеңіз. Тек бақытты болыңыз. Олар оны бастан кешіре алмайды.
«Цирк» сөзі мен үшін шынайы, түсінікті, сезінерлік сөз болды.
Мені танымал қылған – кино. Көрермен үшін мен қолымнан келетін нәрсенің бәрін жасадым.
Тағдыр дегеніміз – бір жолмен бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан қос пойыз. Олар бір жолмен келе жатса да, түйілмейді. Себебі тағдыр емес.
Бақытсыздық дегеніміз не? Менің ойымша, бақытсыздық дегеніміз – ең жақын деген адамдардан айырылу.
Мен опасыздық пен өтірікті және ашкөздікті ұнатпаймын.
Мен адамдарға күлкі сыйлағаныма қуаныштымын. Өйткені күлкі кезінде бәріміз де өмірдегі қиын-қыстау кезеңдерді ұмытып кетеміз.
Кейде бір істі ертеңге қалдырып, ертеңгі күннің бірнеше сағаттан соң туатынын біліп, ойланып қаламыз.
Қарапайым қалпақты ерекше бастан шешіп жатамыз.
Егер әрқайсымыз бұл өмірдегі бір адамды болса да бақытты қыла алсақ, жер бетіндегі барлық адам бақытты болар еді.
Мен адамдардан бір нәрсе үйренгенді жақсы көрдім. Бірақ анам мен әкемнен үйренген заттарды ешкім үйрете алған жоқ.
Комедия – өте байыпты іс.
Көңіл-күйіңіз керемет болса, көп жақсылық жасауға болады.
Біздің балаларымыз да жеңімпаз болады. Ең бастысы қолдарында қару алмаса болды.
Ж. Исакаев