Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Оскар" сыйлығы - киноөндірістегі ең беделді сыйлық

"Оскар" сыйлығы - киноөндірістегі ең беделді сыйлық

Әлемдегі беделді сыйлықтардың тарихына үңілуді жалғастырамыз. Нобель сыйлығы сан саладан жүйрік шыққан тұлғаларға берілсе, кино саласында өзіндік із қалдырған туындылар мен актерлерге "Оскар" сыйлығы берілетінінен бәріміз хабардар шығармыз.

Кономатография өнері мен ғылымының академиясы жыл сайын Лос-Анджелесте кино саласының үздіктеріне арнап "Оскар" сыйлығын табыс етеді. Оскар сыйлығын тапсыру рәсімі ондаған елдерде тікелей эфирде көрсетіледі.

Б.Майердің идеясымен құрылған кинокомпанияның 230 мүшесі 1929 жылы сыйлық беру идеясын бір ауыздан мақұлдап, ең үздік киноларды марапаттауға кірісті. 1933 жылы Уолт Дисней бұл марапатты "Оскар" деп атады. 

Ең алғашқы 1929 жылдың 16 мамырында өткен марапаттау рәсімінде мына фильмдер мен актерлерге "Оскар" табысталды:

  • Джанет Гейнор «Шығыс» (Sunrise) пен «Жетінші аспан» (Seventh Heaven) фильмдеріндегі жұмыстары үшін, 1927 ж., және «Көше періштесі» (Street Angel) үшін, 1928 ж;
  • Эмиль Дженнингс «Соңғы бұйрық» (The Last Command) пен «Әр тәннің бағыты» (The Way of All Flesh) фильмдері үшін.

Уорнерлердің "Джаз әншісі" фильмі "киноөндіріске төңкеріс әкелген жаңашыл, үздік дыбысты картина" ретінде танылды. Дегенмен, академия дыбыссыз фильмдермен бәйгеге түсуі әділетсіз болар деп фильмді конкурсқа қатыстырмады. 

Осы жылдан бастап, атағы әлемді кезіп, көптің көңілінен орын алған кинолар мен киноны жасаушылар жыл сайын кино саласындағы ең үздік сыйлықты алу үшін АҚШ-қа ағылады.

2007 жылғы мәлімет бойынша, Америка Киноакадемиясы дауыс беруге құқылы 15 гильдияға бөлінген 5829 адамнан тұрады. Актерлік гильдиясы 1311 адамнан құралып, жалпы дауыс берушілердің 22 пайызын құрайды. Әр гильдия өз категориясы бойынша дауыс береді. Мысалы, актерлар үздік актерлар мен актрисаларды таңдайды т.б. 

75 жыл бойы салтанатты марапаттау рәсімі сәуірдің басы - наурыздың аяғында өткізіліп келді. 2004 жылдан бастап, Чикагода жасалатын 4 килограмдық "Оскар" мүсіні кино үздіктеріне ақпанның аяғы - наурыздың басында табыс етіледі. Биылғы марапаттау ақпанның 26-сынан 27-сіне қараған түні өтті. Салтанатты кештегі ең сәнді көйлек иелерін де талқыға салған едік. 

Қазақстанда осы бір беделді сыйлықты алған актер не фильм жоқ. Қазақстандық киноөндірісте тұңғыш болып "Оскарды" кім иеленер екен?

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: allprizes.ru, liveinternet.ru

Қосылған күні: 12 шілде 2012, 15:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.