- Негізгі бет
- Кино
- Ли Мин Хо...
Ли Мин Хо мен Сюзидің қарым-қатынасы туралы Сюзидің жанында жүргендер білмеген
Бүгін, яғни 8 сәуірде miss A тобының мүшелері Фей мен Мин SBS «Power FM» радио-шоуына қонаққа келіп, сөз арасында Ли Мин Хо мен Сюзи арасындағы қарым-қатынасты да айтып өтті. Жүргізуші Ким Чан Рёль әншілерге: "Сюзидің махаббат романы туралы мақалалар сіздердің жаңа альбомдарыңыз шығайын деп жатқанда пайда болды. Бұл альбомға кері әсерін тигізеді деп қорықпадыңыздар ма?", - деген сұрақ қойды. Фей: "Біз бұған алаңдаушылық білдірмедік", - деп жауап берді.
miss A тобы
Жүргізуші сосын: "Олардың кездесіп жүргендерін білдіңіздер ме?", - деп сұрады. Фей мен Мин шындарын айтып: "Біз білмедік", - деді. "Қатты таңырқаған шығарсыздар", - деп жалғастырды Ким Чан Рёль. Әншілер: "Біз де қатты таңырқадық, бірақ осы жаста кездесуге бара беруге болады ғой, солай емес пе?", - деп жауап берді.
Сюзи
Естеріңізге салайық, 30 наурыз күні өткен miss A тобының "Colors" атты жетінші мини-альбомының таныстырылымында аталған топтың мүшесі Сюзи алғаш рет жігіті жайлы әңгімелеген еді. "Оның (Ли Мин Хоның, - ред.) өте жылы әрі қамқор адам екенін түсінгеннен кейін оған деген қызығушылығым арта түсті. Біз бос уақытымызда кездесуді жалғастыратын боламыз", - деген болатын әнші.
Ли Мин Хо
Көп қыздың арманына айналған Ли Мин Хоның таңдауы расымен де Сюзи сұлуға түскені ме?
Сурет: allkpop.com
Ұқсас жазба:
Ли Мин Хо Сюзиге сезімін білдірді
Р. Роза