- Негізгі бет
- Кино
- Шешен жазушысы Голливуд...
Шешен жазушысы Голливуд режиссері Джеймс Кэмеронды сотқа берді
Шешен жазушысы Руслан Закриев Ставрополь өлкесінің сотына режиссер Джеймс Кэмеронның үстінен арыз берді. Ол өзін "Аватар" фильмінің авторы деп көрсетілуін талап етіп отыр. Жазушы бұл туралы "Русская служба новостей" тілшісіне айтып берді, - деп хабарлайды "Лента.ру". Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
"Мен заңды түрде "Аватар" фильмінің авторы боламын", - деп мәлімдеді Закриев. Оның адвокаты Дмитрий Казацкердің айтуынша, арыздың көшірмесі режиссерге жіберілді, ал отырыс мерзімі үш немесе төрт күннен кейін анықталады. "Кэмерон мырза әзірше ешқандай жауап берген жоқ. Ол осы мәселе жайлы өз пікірін айтқан да болар немесе бұл жаңалық оған психологиялық түрде әсер еткен шығар", - деп мәлімдеді адвокат.
Ал осыған дейін шешен жазушысының Голливуд режиссерін плагиат жасады деп айыптағаны белгілі болған еді. Оның пікірінше, режиссер "Аватар" фильмінің сюжеті ретінде оның "Құпия қару" романын пайдаланған. Кітапты Закриев "Проза.ру" сайтында 2002 жылы жарияланған болатын, ал лента 2009 жылы шықты. Жазушы блокбастерден түскен қаржының үштен бір бөлігін, яғни 2,7 миллиард доллардың үштен бір бөлігін өндіріп алмақшы.
Әдебиеттанушы Ресей президенті Владимир Путинге осы дауды шешіп беруді сұрап, хат та жолдаған.
Айта кетейік, басты рольдерінде Сэм Уортингтон мен Зои Салдана ойнаған "Аватар" фильмі көптеген инновациялық әдістермен түсірілген. Картина тоғыз категория бойынша "Оскар" сыйлығына ұсынылып, оның үшеуінде жеңіске жетті. Фильмінің оқиғасы Пандора ғаламшарында болады.
Қазіргі уақытта Руслан Закриевтің "Проза.ру" порталындағы парақшасында 113 туынды жарияланған, оның ішінде публицистика, тарихи проза, детективтер, фантастикалық романдар және дін туралы хикаялар мен эсселер бар.
сурет: tengrinews.kz
Е. Қайрахан