«Терминатор» фильмінің жалғасы түсірілді

«Терминатор» фильмінің жалғасы түсірілді

Жасанды сана мен адам баласының қарсыласуын баяндайтын "Терминатордың" көрермендерінің көптен күткен күні де жақындап қалды. Әйгілі блокбастерде Сара Коннордың рөлін «Тақтар ойыны» (орыс тілінде «Игры престолов») фильмінен белгілі Эмилия Кларк сомдайды.

Ал Кайл Риздің рөлі аустралиялық актер Джай Кортнидің еншісіне тиіпті. Басты рөлдегі Джон Коннордың рөлін Джейсон Кларк сомдайды.

Фильмде қарапайым киборгтардан бөлек түрлі кейіпке ене алатын Т-1000 киборгы да болады. Оның рөлі атыс-шабыс жанрындағы фильмдерден көзге түскен корей актері Ли Бён Хонға бұйырды.

Арнольд Шварценеггер де Т-800 киборгы болып экран алдына шығады.

Жаңа кинокартина 2015 жылдың шілде айында көрерменге жол тартады. 

Сурет: www.blastr.com

Ж. Өрісбай