Леонардо Ди Каприо Стив Джобстың рөлін сомдаудан бас тартты

Леонардо Ди Каприо Стив Джобстың рөлін сомдаудан бас тартты

Жақын күндердің бірінде Леонардо Ди Каприо кино саласында үзіліс жасайтынын жариялады. Мұның басты себебі БҰҰ-дағы жаңа қызметі болып отыр.

Актер кинодан ұзақ уақытқа кететіндігін айтып, Стив Джобс рөлінен бас тартқан еді. Енді ол 16 қыркүйектен бастап жер шары климаты қиындықтарын реттеуге ат салысады. Ал режиссер Уолтер Айзексонның «Apple» фильмінде Стив Джобстың рөлін кім сомдайтындығы әлі де белгісіз. Студия бұл рөлге Кристиан Бэйл, Мэтт Дэймон, Бен Аффлек, Брэдли Купер сынды актерлер ойнауы мүмкін екендігін айтуда. Соңғысы «Бухгалтер» фильміне түсіп жатқандықтан, бұл ұсынысқа келісе қоймайтындығы анық.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: buro247.kz

Қ. Бүйенбай