"Қамау" атты жаңа қазақстандық фильм жарыққа шықты

"Қамау" атты жаңа қазақстандық фильм жарыққа шықты

«Қамау» атты Сапар Төлегеннің фильмі бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіліп жатыр. Басты рөлді сомдау танымал әнші Мақпал Исабековаға берілді. «Қамау» драмалық фильмінің актерлік құрамында Данияр Қуантқанов, Иван Бреусов, Бибо сияқты актерлер бар.

Фильмде Айман атты қарапайым, ақылды қыз Азамат атты жігітке ғашық болады. Оның тұрмыс құру ұсынысын қабылдап, өмірін отбасына арнайды. Уақыт өте келе күйеуінің қызғаншақ, озбыр адам екеніне көзі жетеді. Айман өзін қамауда отырғандай сезінеді.

Фильм қазіргі заманда үй ішінде, отбасында болатын көкейкесті мәселені арқау еткен. 

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: tengrinews.kz

Ф. Абилова