Қазақ тіліндегі "Галактика сақшылары" фильмін кімдер дыбыстады? (Видео)

Қазақ тіліндегі "Галактика сақшылары" фильмін кімдер дыбыстады? (Видео)

Алматыда 2014 жылдың ең көп күтілген фильмдерінің бірі - қазақ тіліндегі "Галактика сақшылары" фильмі тағы бір мәрте көрермендер назарына ұсынылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

"Болашақ" қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасына балалар үйінің тәрбиеленушілері, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, жастар ұйымдарының мүшелері, серіктестер мен жоба ұйымдастырушылары және фильмді дыбыстаушы актерлер қатысты.

Көрсетілім алдында фильмнің басты қаһармандарын дыбыстаған дубляж актерларымен кездесу өтті. Кездесу барысында Питер Квилді (Жұлдызды лорд) дыбыстаған Тимур Пиязов пен Гамораны дыбыстаған Гүлназ Әуесбаеваға түрлі сұрақтар қойылды. 

"Болашақ" қауымдастығы 2011 жылдан бастап, "Нұр Отан" партиясының қолдауымен және "Marvel" киностудиясының тікелей қатысуымен аталмыш жобаны жүзеге асырып келеді. Аталған жоба аясында, әлемге танымал жаңа фильмдер қазақ тіліне аударылып, көрермендер назарына ұсынылып келеді.

Әлемдік нарықтағы үздік фильмдерді қазақша дыбыстау үдерісі де тәжірибемен молайып келеді. Дыбыстау үдерісінің қаншалықты деңгейде жүзеге асырылатын актерлердің өзінен сұрап көрдік.

Дайындағандар: Жолдас Өрісбаев, Шерхан Талапұлы

Сурет: massaget.kz

Ж. Өрісбай