«Көріксіз Бетти» телехикаясы жайлы 10 қызықты дерек

«Көріксіз Бетти» телехикаясы жайлы 10 қызықты дерек

Сән журналына хатшы болып орналасатын мейірімді, бірақ көріксіз Бетти жайлы телехикая тұңғыш рет 2006 жылы Колумбияда жарық көрген. Телехикая көптің көңілінен шығып, үлкен жетістіктерге жетеді. Бұдан кейін идеяны әр елдің режиссерлері іліп әкетіп, өз нұсқасындағы ұсқынсыз Беттидің бейнесін жасап, телехикаяны өрбітуді жалғастырады. Телехикая желісі бірдей болғандықтан соңы да белгілі болғанымен, әр елде үлкен көрілім жинап, рейтингі жоғары телехикая болады.  

1. Көріксіз Бетти жайлы телехикая тұңғыш рет Колумбияда жарық көріп, «Мен, көріксіз Беттимін» деп аталған. Бұдан кейін эстафетаны Венесуэла («Семіз қыз», 2002 г.), Израиль («Кейіпсіз Эсти», 2003 г.), Германия («Берлинде ғашық болған қыз», 2005 г.), Үндістан («Джессиге ұқсайтын ешкім жоқ», 2005 г.), Мексика («Ең сұлу көріксіз», 2006 г.), Ресей («Сұлу болып туылма», 2005 г.) және т.б. елдер жалғастырды.

2. Бастапқыда Беттиді сценарист Фернандо Гайтан ойлап тапқан. Ол телехикая кейіпкері сұлу түгілі, ұсқынсыз болуы керек деген идеяны бірнеше жыл бойы ойластырған.

3. «Көріксіз Беттидің» америкалық нұсқасы өте танымал болды. Оны тіпті киноакадемиктер бағалаған. «Көріксіз Бетти» ең үздік әйел рөлі мен үздік телехикая номинациясы бойынша екі "Алтын глобус", үш «Эмми» жүлдесін, сонымен қатар онға жуық түрлі жүлделерге ие болған.

4. «Көріксіз Беттидің» хикаяларына әр саладағы жұлдыздарды түсіру сәнге айналған. Мысалы, колумбиялық нұсқасында президенттің өзі бой көрсеткен, ал америкалық нұсқаларында Виктория Бэкхем мен Наоми Кемпбелл сияқты атақты жұлдыздар эпизодтарда ойнаған.

5. Әлемдегі ең танымал сақтандыру компанияларының бірі Lloyd's of London америкалық актриса Америка Феррераның күлкісін 10 миллион долларға сақтандырған. Сонымен қатар Америка сақтандыруды сыйға алған.

6. Колумбиялық «ұсқынсыз Бетти» актриса Ана Мария Орозко Колумбияның ең әдемі 50 әйелінің тізіміне кіреді: гримде оны тіпті туыстары да танымай қалған.

7. Үндістанда телехикая екі жарым жыл бойы жүрген. Ұсқынсыз хатшыны ойнаған үндістандық актриса Мона Сингх танымал модель болған. Алайда телехикая бастала салысымен және аяқталғанша екі жыл бойы (!) жұрт алдына Джессидің (үндістандық Беттидің есімі дәл осылай аталған) бейнесінде шығуы міндетті болған.

8. Венесуэлалықтар «Көріксіз Беттидің» жергілікті нұсқасында толық қыз Валентинаның рөлі үшін әдейі толған деп ойлаған. Алайда шын мәнінде актриса латекстен жасалған костюмде жүрген. 

9. Ресейлік нұсқада ойнаған Катя Пушкарева Беттиді бұрын-соңды ойнаған актрисалардың ең жасы. 

10. 2010 жылы «Көріксіз Бетти» 100-ден аса елде көрсетілген, 15 тілге аударылған және 22 елде адаптацияланған телехикая ретінде Гиннес Рекордтар кітабына енді.

Сурет: vk.com, fashiony.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina