«X адамдар» (Люди Икс) франшизасының келесі фильмі түсірілмек

«X адамдар» (Люди Икс) франшизасының келесі фильмі түсірілмек

«X адамдар» («Люди Икс») франшизасында басты рөлдерді сомдаған актерлер «X адамдар: Апокалипсис» («Люди Икс: Апокалипсис») деген атаумен жарияланған жаңа киножобаға түседі. Топтық фильмдердің сценарий авторы және продюсері Саймон Кинбергтің айтуынша ерекше қабілетті адамдар туралы трилогияның бастауы болып түсірілген «X адамдар: бірінші класс» («Люди Икс: Первый класс») фильмінің актерлері де жобаға қатысатын болып шықты. Кинолентаның режиссері Брайан Сингер болады.

Алдын ала жарияланған сюжет бойынша, фильмдегі басты жауыз кейіпкер  Эн Сабах Нуром болады. Ол б.з.д. ХХХ ғасырда Египетте дүниеге келіп, жаратылыстан тыс күшке ие болғаннан кейін әлемнің бас әмірніне айналуды көздейді.

«X адамдар: Апокалипсис» («Люди Икс: Апокалипсис») фильмінің тұсау кесер қойылымы 2016 жылдың 19 мамырына жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында «X адамдар: Жақын болашақтың адамдары» Люди Икс: Дни минувшего будущего») кинокартинасы әлемнің кинотеатрларына шыққан болатын. Бүгінгі күнге дейін кинокасса 300 миллион АҚШ долларын жинап үлгеріпті. Бұл 20th Century Fox студиясының әлемдік киноөндірістегі беделін арттыра түспек.

Тағы да оқи отырыңыз:

"Аватар" расымен де көшірме ме?

Трансформерлер қайта шабуылдайды

"Властелин колец": кім, қалай, қанша?

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.thedailybeast.com

Ж. Өрісбай