Үйде отырып көруге болатын қызықты фильмдер

Үйде отырып көруге болатын қызықты фильмдер

Жер бетіндегі адамдардың талғамы әр түрлі. Бірі әдебиетті жанындай сүйсе, екіншілері спортпен шұғылданады. Ал енді біреулері бос уақытында фильм көруден жалықпайды. Назарларыңызға көптің талғамынан шыққан ең үздік фильмдер тізімін ұсынамыз.

Естелік жазған күнделік (Дневник памяти)

Жылы: 2004

Мемлекет: АҚШ

Режиссер: Ник Кассаветис

Сценарий: Джереми Левин, Ян Сарди, Николас Спаркс

Продюсер: Линн Харрис, Марк Джонсон, Тоби Эммерик

Оператор: Робер Фресс

Композитор: Аарон Зигман

Монтаж: Алан Хайм

Басты рөлдерде: Джина Роулендс, Джеймс Гарнер, Рейчел МакАдамс, Тим Айви, Старлетта Дюпуа, Сэм Шепард

Жанр: драма, мелодрама

Бюджет: 29 000 000 АҚШ доллары

Ұзақтығы: 124 мин./02:04


Фильмде қария жан тебірентер махаббат хикаясын қарттар үйіндегі әйелге оқып отырады. Бұл солтүстік Каролинада өмір сүрген бозбала мен бойжеткеннің оқиғасы. Ной мен Элли ата-аналары мен ІІ Дүниежүзілік соғыс араларын бөлмейінше бірге болады. Соғыстан кейін барлығы да өзгереді: Элли табысты бизнесменге күйеуге шығады, ал Ной естелікке толы ескі үйін қалпына келтірумен әуре болады. Элли үйін қайта қалпына келтіріп үлгерген Ноймен сөйлесіп, махаббаттарының тағдыры қалай болатынын шешпек болады. Жоғарыдағы қариялар осы ғашықтар болатын...   


"Сен - менің үйімсің" (Ты - мой дом)

Жылы: 2012

Мемлекет: Түркия

Режиссері: Озджан Дениз

Сценарий: Авни Туна Диллигиль, Озджан Дениз

Продюссер: Сюкрю Авсар, Эрсан Дениз

Оператор: Олкай Огуз

Композитор: Дженк Джелебиоглу

Монтаж: Исмайл «Нико» Джанлисой

Басты рөлдерде: Озай Фехт, Гюнес Хаят, Зейнеп Эндер, Айг Теоман, Кумбараджибаси, Волга Соргу, Барис Яльчин, Саит Енер

Жанр: мелодрама, драма

Бюджет: 5 000 000 АҚШ доллары

Ұзақтығы: 105 мин./01:45


Лейла сүйіктісінің опасыздығынан соң әкесінің үйіне қайта оралады. Оның жүрегі жаралы. Әкесімен қарым-қатынасы кішкентай күнінен мәз емес еді. Бұған қарамастан, олар қиындықтарын шешуге тырысады. Ал басты рөлдегі Искандер басынан қиын күндерді кешіріп жатқан болатын. Ол балалар үйінде тәрбиеленген. Искандер мен Лейла күтпеген жерде танысады. Бір-бірін шын сүйген ғашықтар Лейланың айықпас дертін жазу үшін барынша тырысып бағады.  


Біржан сал

Жылы: 2009

Мемлекет: Қазақстан

Режиссер: Досхан Жолжақсынов, Рымбек Альпиев

Сценарий: Таласбек Әсемқұлов

Продюсер: Ермек Аманшаев

Оператор: Рифкат Ибрагимов

Басты рөлдерде: Досхан Жолжақсынов, Аша Матай, Сәбит Оразбеков, Болат Әбділманов, Гүлшат Тутова, Саят Мерекенова, Айдос Бектеміров, Дулыға Ақмолда, Ғазиза Әбдінәбиева

Жанр: драма, тарих

Бюджет: 587 000 000 теңге

Ұзақтығы: 76 мин./ 01:16


Отандық «Біржан сал» көркем фильмі сал-серілер өмірінің ең әсерлі тұстарын баяндап, халқымыздың өткен өмірінен хабар береді. Махаббат пен қайғы, байлардың озбырлығы, әнші-ақындардың жан тебіреністері көрініс табады. ХІХ ғасырда еліміз көшпелі өмірмен қоштасқаны тарихтан белгілі. Туған өлкесінде мыңдаған жылдық дәстүрі қалыптасқан, табиғатпен етене араласқан ұлттың өркениеттік дәстүр ауыстыру сәті осы фильмде режиссерлік көркем шешімдер арқылы сәтті көрсетілген. Фильмде Біржан салдың әндері орындалып, шығу тарихы көрсетіледі. 


"Үш ақымақ" (Три идиота)

Жылы: 2009

Мемлекет: Үндістан

Режиссер: Раджкумар Хирани

Сценарий: Абджиджат Джоши, Раджкумар Хирани, Видху Винод Чопра

Продюсер: Видху Винод Чопра

Оператор: С.К. Муралидаран

Композитор: Шантану Мойтра

Монтаж: Раджкумар Хирани

Басты рөлдерде: Аамир Хан, Карина Капур, Р. Мадхван, Шарман Джоши, Боман Ирани, Оми Вайдя

Жанр: комедия, мелодрама, драма

Бюджет: 6,98 миллион АҚШ доллары

Ұзақтығы: 170 мин.


Екі дос студенттік кезде өмірлерін өзгерткен Ранчо атты достарын іздейміз деп шытырман оқиғаларға тап болады. Ранчо ешнәрсе түсінбесе де, жаттанды сабақ айтатын мұғалімдерге, қалыптасып қалған стреотиптерге қарсы күрес жүргізеді. Байлық пен ақшаның бір сәттік қана екенін, тәтті естеліктерге толы өмір бақыттың кепілі екенін дәлелдейді.  


Махаббат үшін құрбан болған өмір - 2 (Жизнь во имя любви - 2)

Жылы: 2013

Мемлекет: Үндістан

Режиссер: Мохит Сури

Сценарий: Шагуфта Рафик

Продюсер: Махеш Бхатт, Мукеш Бхатт, Бхушан Кумар

Оператор: Вишну Рао

Композитор: Джит Гангули, Митхун Шарма, Анкит Тивари

Рөлдерде: Адитья Рой Капур, Шраддха Капур, Шаад Рандхава, Салил Ачария, Бугс Бхаргава

Жанр: мелодрама, драма, мюзикл

Ұзақтығы: 140 мин./ 02:20


Фильм сюжеті табысты музыкант Рахул Джейкарға арналады. Өзінің әнін тамаша орындайтын бойжеткеннің мансап жолын биікке көтеремін деп, өзінің атақ-абыройынан айырылады. Ішімдікке салынады. Бірақ сүйіктісі одан бас тартпай, барлық қиындықты бірге жеңуге көмектеседі.


Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com желісінен

Қ. Бүйенбай