Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Жаңа Өрмекші-адам 2» прокатқа қазақ тілінде шығады

«Жаңа Өрмекші-адам 2» прокатқа қазақ тілінде шығады

«Жаңа Өрмекші-адам 2» прокатқа қазақ тілінде шығады

Атақты «Жаңа Өрмекші-адам 2» («The Amazing Spider-Man 2») фантастикалық боевигі 2014 жылдың 24 сәуірінде еліміздің прокатына қазақ және орыс тілдерінде 3D форматында шығады. Қазақша прокатқа «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат» деген атаумен шығатын блокбастердің жалғасын қазақ тіліне аудару жұмыстары наурыз айында басталды.

Жоба «Болашақ» Қауымдастығы, Marwin компаниясының қатысуымен және «Алтын Қыран» қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен іске асырылып отыр. Дубляж Disney, MARVEL, Columbia Pictures және Sony Pictures студияларының голливудтық жобаларының дубляжы үшін қазақ тіліне ресми аккредиттелген «Синема Тон Продакшн» алматылық студиясында жүргізіледі. Жалпы, бұл қазақ тіліне аударылған жетінші фильмі болып табылады.

Қазақ тілі фильмнің кейіпкерлері сөйлеген жетінші әлемдік тіл, ал фильмнің өзі дубляж сапасының әлемдік стандарттарына сәйкес қазақ тіліне аударылған Sony Pictures студиясының үшінші фильмі болып отыр.

Фильмді дыбыстауға Мерей Әжібеков, Әлима Қайырбекова, Азамат Қанапиянов, Дархан Сүлейменов, Жәнібек Жақыпов секілді 2012 жылғы «Жаңа Өрмекші-адам» дубляжына атсалысқан актерлар қатысты. Актерлердің дыбыстық сынаулары Алматыда ақпан айында өткен болатын. Оларды Қазақстанға арнайы келген, Sony Pictures дубляжы бойынша мамандар бекітті. Барлық жазылған материал дәстүрлі түрде Лондонға  Shepperton студиясына түсіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ,  «Damu Logistics» АҚ, «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры сынды демеушілердің арқасында 2011 жылдан бері «Көліктер-2/Тачки-2», «Қара киімділер 3/Люди в чёрном 3», «Батыл журек/Храбрая сердцем», «Жаңа Өрмекші-адам/Новый Человек-паук», «Монстрлар Университетi/Университет Монстров», «Жалғыз рейнджер/Одинокий рейнджер» барлығы алты фильм қазақ тіліне дубляждалған.

Сурет: tv-filmi.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

6519 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 01 сәуір 2014, 11:33
Пікірлер
+0
01 сәуір 2014, 11:51

жақсы болатынына сенімдімін)

+0
01 сәуір 2014, 19:32

Неге Осындай аудармаларды көбейпейді екен небәрі 7 . Үнді мен түріктердігін аударғаннан

+0
01 сәуір 2014, 19:43

+

+0
01 сәуір 2014, 21:00

осындай тамаша киноларға көп дубляж жасаса менен бақытты адам болмас еді,

+0
25 сәуір 2014, 21:33

маған өте ұнады

+0
17 шілде 2014, 13:23

:mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...