Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Оскар-2014": Қорытынды

"Оскар-2014": Қорытынды

Лос-Анджелес қаласында наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Dolby театрында Америка киноакадемиясының дәстүрлі «Оскар» салтанатты марапаттау кеші өтті. 86-рет өткізіліп жатқан кеш Альфонсо Куаронның «Гравитация» фильмі үшін табысты болды. Фильм «Үздік режиссер», «Үздік арнайы эффектілер», «Үздік дыбыс», «Үздік дыбыс монтажы», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік саундтрек» номинацияларында жеңімпаз атанып, қанжығасы майланып қайтты. Кешті атақты Эллен ДеДженерес жүргізді.

Былтыр «Алтын глобусты» иеленген «12 жыл құлдық» картинасы үздік фильм деп табылды. Ал, Мэттью Макконахи «Даллас сатып алушылар клубы» фильміндегі рөлі үшін үздік актер атанды. Осымен төртінші рет номинацияға түскен Леонардо Ди Каприо тағы жүлдесіз қалды. Үздік актриса мәртебесіне «Жасмин» фильміндегі рөлі үшін Кейт Бланшетт ие болды. Актриса сахнадан фильм режиссері Вуди Алленге алғысын айтты, сонымен қатар осы номинация бойынша сарапқа түскен Эми Адамстың «Америкалық сергелдеңдегі» рөлін ерекше екенін атап өтті.

Бір қызығы, «Құлдықтағы 12 жыл» фильмі үшін «Екінші пландағы үздік актриса» атанған Лупита Нионго Стив Маккуиннің фильмінде дебют жасаған. Бұған дейін ол продюсердің көмекшісі қызметін атқарып келген.

Үздік режиссер болып «Гравитация» фильмінің режиссері Альфонсо Куарон белгіленді. Ал үздік сценарий «Оскарын» «Оныкі» фильмінің сценаристі Спайк Джонс иеленді.

Альфонсо Куарон

Сонымен, қорытынды былай болды:

Үздік фильм: «Құлдықтағы 12 жыл» (реж. Стив Маккуин);

Үздік сценарий: Спайк Джонс - «Оныкі»;

Үздік актер: Мэттью Макконахи – «Даллас сатып алушылар клубы»;

Үздік актриса: Кейт Бланшетт - «Жасмин»;

Үздік бейімделген сценарий: Джон Ридли – «Құлдықтағы 12 жыл»;

Үздік саундтрек: Кристен Андерсон-Лопес және Роберт Лопез «Let it go» - «Суық»;

Үздік операторлық жұмыс: Эммануэль Любецки - «Гравитация»;

Үздік монтаж: Альфонсо Куарон және Марк Сэнгер - «Гравитация»;

Үздік екінші пландағы актриса: Лупита Нионго – «Құлдықтағы 12 жыл»;

Үздік екінші пландағы актер: Джаред Лето – «Даллас сатып алушылар клубы»;

Үздік дыбыс: «Гравитация»;

Үздік дыбыстық монтаж: «Гравитация»;

Шет тіліндегі үздік фильм: «Ұлы сұлулық» (реж. Паоло Соррентино);

Үздік толықметражды көркем фильм: «Жұлдыз болуға апарар жиырма фунт»;

Үздік қысқаметражды фильм: Андерс Вальтер және Ким Магнуссон - «Гелий»;

Үздік қысқаметражды деректі фильм: «6-нөмірдегі ханым»;

Үздік арнайы эффектілер: «Гравитация»;

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм: Лоренц Уитц және Александр Эспигарес - «Иллюминатор мырза»;

Үздік анимациялық фильм: «Суық»;

Үздік костюм дизайны: Кэтрин Мартин - «Ұлы Гэтсби»;

Үздік гримм: Адруита Ли – «Даллас сатып алушылар клубы»;

Сурет: topnews.ru, itar-tass.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 03 наурыз 2014, 12:21
Пікірлер
+0
03 наурыз 2014, 13:50

Эх, Лео, Лео...

+0
03 наурыз 2014, 13:50

Ди Каприоға обал (

+0
03 наурыз 2014, 13:57

Лео ала-алмағаны өкінішті болды бәрінен де

+0
03 наурыз 2014, 14:04

«Гравитацияны" көру керек екен)

+0
03 наурыз 2014, 17:15

Ди Каприога шынымен де обал. Бул жигит Абайды сомдайды деп еди. Сол кезде беремиз сыйлыкты :D

+0
04 наурыз 2014, 02:36

Маселенин бари саясатта жатырма деп ойлап коям...Леода орыстын каны бар...Казирги саяси жагдайлар асер еткен шыгар... ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.