Леонардо Ди Каприо президенттің рөлін сомдайды

Леонардо Ди Каприо президенттің рөлін сомдайды

Леонардо ДиКаприо «Уолл-стрит қасқыры» картинасының бар мерейін жинап үлгермей жатса да, шетел БАҚ өкілдері оның Мартин Скорсеземен тағы бір біріккен жобасы жайлы ақпараттың шетін шығарды. Radar Online басылымының ақпаратына сенсек, Леонардо Ди Каприо жақын арада АҚШ-тың 26-президенті Теодор Рузвельттің рөлін сомдауға кіріседі.

ДиКаприо «Уолл-стрит қасқыры» фильміндегі рөлі үшін «Алтын глобус 2014» алуда

Скорсезе Эдмунд Морристің «Теодор Рузвельттің шарықтауы» биографиялық кітабына негізделіп, америкалық президент Теодор Рузвельт жайлы фильм түсіруді бұрыннан ойлап жүрген. Алайда идеяны іске асыруға біріншіден уақыт, екіншіден қаржы тапшылығы кедергі болып келген. Енді ірі жобаны аяқтаған шығармашылық жұп жақын арада қаржы мәселесін шешіп, Американың даңқты тұлғасы жайлы жұмысқа кірісіп кетпек.

Леонардо ДиКаприо өз сұхбатында «Уолл-стрит қасқыры» фильмі үшін «Үздік актер» номинациясы бойынша Оскар алғысы келетінін айтқан болатын. Алайда, сонымен қатар Теодор Рузвельттің рөлін бұрыннан армандағанын айтыпты.

Леонардо ДиКаприо мен Мартин Скорсезе «Уолл-стрит қасқыры» фильмінің түсірілімінде

ДиКаприоның Скорсеземен серіктестігі сонау «Нью-Йорк бандасы» фильмінен басталған болатын, алайда, режиссер Леонардо жайлы бұрыннан білген:

«Роберт Де Ниро бір жолы маған: «Жақында мен өте дарынды бір жігітпен жұмыс жасадым. Есімі Леонардо ДиКаприо. Сол жігітке көңіл бөлуге кеңес беремін» - деді. Ол уақытқа дейін біз Робертпен сегіз фильм түсіргенбіз, және әрине, оның пікірімен әрдайым санасатынмын. Мен «Гилберт Грейпты не толғандырады» фильмін кинотеатрдан көре алмадым, бірақ оны теледидардан көрсетіп жатқанда байқап қалдым. Мен тіпті оның деректі фильм екенін білмедім және Джонни Деппті бірден танымадым... Лео тамаша ойнады, ал мен дарынды актердің аты-жөнін білу үшін фильмнің титрін тағатсыздана күттім. Дәл сол кезде Де Ниромен болған әңгіме есіме түсті. Екі жылдан кейін Леонардоны жұлдыз еткен «Титаник» шықты.  Ал мен ол кездері мәнсабымның қиын кезеңдерін бастан кешіп жатқанмын, өйткені «Кундун» мен «Өліктерді қайта тірілту» фильмдерім прокатта нәтиже бере қоймады. Майкл Овиц маған «Нью-Йорк бандасын» түсіруге кеңес берді және Леонардо бұл фильмге түскісі келетінін, менің фильмдерімнің жанкүйері екенін айтты. Дәл сенің фильміңде ойнағысы келетін актерлермен жұмыс істеу әрдайым маңызды».

«Нью-Йорк бандасы» фильмінен кадр

Содан бері Скорсезе мен ДиКаприоның қоржынында бірнеше картина бар және мұнымен шектелмейтін сыңайлы.

Леонардо ДиКаприо «Los Angeles Times» фотосессиясында 23 қаңтар, 2014 жыл

Сурет: vev.ru, kp.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina