Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Оскар" алмағандар

"Оскар" алмағандар

Талай киноға түсіп, жалпақ жұртқа танылып жатса да - олар "Оскар" алмағандар. Жұрттың көзайымына айналып, жұртты мойындатып жатса да - олар "Оскар" алмағандар. Алысқа аты шығып, атақ-даңқы кетсе де - олар "Оскар" алмағандар. Бар болғаны жай ғана мүсінше...

Джонни Депп

Джонни Депп "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінде капитан Джек Воробейдің рөлін сомдау арқылы кино әлемінде бірден танымал жанға айналды. Тау бұлағындай таланты мен танымалдылығы, дегенмен, актерге "Оскар" сыйлығын алып бере алмады. 

Джонни Депп «Оскар сыйлығына» үш рет  ұсынылған:

2004 жылы - «Кариб теңізінің қарақшылары: «Қара Маржан» қарғысы» фильмі үшін "Ең үздік актер"

2005 жылы - "Ғажайыптар еліндегі" фильмі үшін "Ең үздік актер".

2008 жылы - "Суини Тодд, Флит-стриттегі демон-шаштаразшы" фильмі үшін "Ең үздік актер".

Джонни Депп дүниеге мәлім сыйлық үшін емес, дүйім жұртшылық үшін ойнайтын актер. Жаңа картиналарда жаңа қырынан көрініп жатса, «Оскар» сыйлығы сөз болып па?!

Том Круз

Том Круз да «Оскар» киножүлдесіне үш рет ұсынылған: «Төртінші шілденің тумасы», «Джерри Магуайр» және «Магнолия» фильмдері. 

Оны "Орындалмас миссияның" төрт блокбастері Голливудтың ең дәулетті жандарының қатарына қосты. Бүгінде таланты жаңа қырынан ашылып, продюсерлік және режиссерлік әлемде биік белестерге көтерілуде.

Брэд  Питт


Жарты әлемді жаулап алған келбетті еріміз әлі күнге "Оскар" сыйлығын ала алмай келеді. Оның қасында, сүйкімді жары Анджелина Джоли "Оскар" алуда...

Брэд  Питт «Оскар» киножүлдесіне үш мәрте ұсынылған: 

1996 жылы  - "12 маймыл" фильмі үшін екінші пландағы "Ең үздік ер рөлі",

2009 жылы - "Бенджамин Баттонның жұмбақ оқиғасы" фильмі үшін "Ең үздік ер рөлі",

2012 жылы  -  "Бәрін өзгерткен адам" фильмі үшін "Ең үздік ер рөлі".

Актерге жеңіс алда!

Эдвард Нортон


Эдвард Нортон "Алғашқы үрей" (1996) кинокартинасы үшін «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Кинодағы жас жігіттің алғашқы аяқ алысы оған мүсіншені алып бермегенмен, "Алтын Глобусты" алып берді.

Кейіндеу «Америкалық оқиға Х» (1998) фильміндегі керемет өнері үшін де «Оскарға» ұсынылған болатын, бірақ, сол жолы да актер биік шыңды бағындыра алмады. 

"Иллюзионист" фильмі де Нортонның сүбелі еңбектерінің қатарына жатады. 

Леонардо Ди Каприо


Бұл актердің әлі күнге мүсіншені ала алмағаны, шынына келсек, таңғалдырады. Осыған дейін ол отыздан астам (30) фильмде ойнап келген. Бірнеше рет "Ең үздік ер рөліне" де ұсынылып көрген.

Атақты "Титаник" кинокартинасы да оған биік межені бағындыруға көмектеспеді.

Ди Каприо «Оскар» киножүлдесіне үш мәрте ұсынылған:

1994 жылы - "Гилберт Грейпті мазалаған не?" фильмінде үздік рөлі үшін (ол уақытта оның жасы бар-жоғы 19-да болған екен, бірақ соған қарамастан өз рөлін тамаша сомдап шыға алыпты);

2004 жылы - "Авиатор" фильмі үшін "Ең үздік актер";

2007 жылы - "Қанды алмаз" фильмі үшін "Ең үздік актер". 

Ди Каприоның әрбір сомдаған кейіпкері миллиондаған көрерменнің жүрек төріне жол тартуда. 

Джим Керри


Джим Керри еш уақытта «Оскар» сыйлығына ұсынылып көрмепті. Әйтсе де, ол түскен күлкілі кинолар жалпақтың жұрттың арасында үлкен бағаға ие.  

Голливудтың талантты актері драмалық картиналарға түскісі келмейді. Жұрт оның күлкісін танып үйренген.

Оның бір күлкісінің өзі кішкене мүсіншеге сұранып тұрған жоқ па?!

Антонио Бандерас


Голливудты мойындата алған актер. Испандық сері осы кезге дейін алпыстан астам кинокартинаға түсіп келіпті және "Алтын Глобусқа" ұсынылған бірінші испандық актер. 

Оның шеберлігі режиссерлерді таң-тамаша қалдырса, кейіпкерлік образы әйел қауымын ынтықтыруға бет алған. Әйгілі Педро Альмодовардың бес бірдей фильміне түсіп шыққан.

Бандерас түскен "Тілек заңы" (1987) мен "Әйелдер жынданудың аз алдында" (1988) картиналары  "Оскар" сыйлығына үздік шетелдік фильм ретінде ұсынылған екен.

Дженнифер Энистон


Дженнифер Энистон алғаш "Достар" телехикаясы арқылы танылды. Көп ұзамай оған "Эмми" мен "Алтын глобус" премиясы ұсынылды.

Бір айта кетерлігі, аталған актерлік ұжымның ішінен Дженнифер бірінші болып үлкен киноға аяқ басыпты.

Өзі түскен күлкілі кинолар оған "Оскар" сыйлығын алып бермесе де, Голлливудтағы "Жұлдыздар аллеясынан" орын сыйлады. 

Джулианна Мур


"Оскарға" төрт мәрте ұсынылған актриса. Бір мәрте Берлин кинофестивалінің жүлдегері, үш мәрте Венеция кинофестивалінің лауреаты атанғанына қарамастан, "Оскар" мүсіншесі берілмей келе жатқан әйгілі жан. 

Джулианна Мур «Оскар» киножүлдесіне төрт рет ұсынылған:

1997 жылы - "Буги стиліндегі түн" фильмі үшін "Екінші пландағы ең үздік актриса";

1999 жылы - "Романның соңы" фильмі үшін "Ең үздік актриса";

2002 жылы - "Сағаттар" кино картинасы үшін "Екінші пландағы ең үздік актриса";

2002 жылы -  "Жұмақтан алыста" фильмі үшін "Ең үздік актриса";

Сара Джессика Паркер


1998-2004 жылдар аралығында шыққан "Үлкен қаладағы ойнас" телехикаясы актрисаның алысқа атағын шығарды. Кэрри Брэдшоудың рөлін сомдау арқылы ол төрт мәрте "Алтын глобусты" иеленді, бірақ, "Оскар" алуда еш нәтижесіз болды. 

Соған қарамастан, Сараның киім сәні мүсіншені еш елеусіз қалдыруда. Марапаттау кештерінде ол атақты «Christian Dior» мен «Chanel» өнімдерін киіп барып, жалпақ жұрттың ыстық қошеметіне бөленеді.

Аталған сәнді үйлер сүйкімді осы бір келіншек үшін керемет киімдер тігуден жалыққан емес. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: lady.tsn.ua; chirkup.me; 4tololo.ru; entertainment.ru.msn.com; ramp.ie 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 17 қаңтар 2014, 21:00
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2014, 20:49

Бұл кісілер "Оскар" алмаған деп ойламайсың. Биыл «Үздік драмалық актер» категориясы бойынша Леонардо ДиКаприо бақ сынайды екен. Осы тізімді бір адамға қысқартады деп үміттенемін!

+0
17 қаңтар 2014, 21:11

Осы жылы Ди Каприо алады деп ойлаймын.

+0
17 қаңтар 2014, 22:14

Менім ойымша Том Круз немесе Дженнифер Энистон алатын шығар. Кім білсін?

+0
17 қаңтар 2014, 23:59

Криштиану Роналду қайда??? :idea:

+0
18 қаңтар 2014, 00:22

Нағыз таланттар, нағыз кино майталмандар алмағанына қарағанда Оскар керемет сыйлық болмаса керек

+0
20 қаңтар 2014, 09:06

Бірнеше мәрте ұсынылып, ала алмау адамды жасытпай ма екен?.. Бірақ, халықтың қошеметінен асқан сый бар ма?.. Дегенмен, тілектеспін бұларға! )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.