«Елбасы жолы» киноэпопеясы көрерменге жол тартпақ

«Елбасы жолы» киноэпопеясы көрерменге жол тартпақ

12 желтоқсаннан бастап кинотеатрлардан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы мен президенттікке салану жолын бейнелейтін «Елбасы жолы» фильмі көрсетіле бастайды. Бұл 2011 жылы шыққан «Балалық шағымның аспаны» фильмінің жалғасы болып табылады. Көпшіліктің назарына ұсынылған «Елбасы жолы» «Отты өзен» және «Теміртау» атты екі бөлімнен тұрады. 

Киноэпопеяда елбасының студенттік жылдары және болашақ қазақстандық өнеркәсіптің қалыптасуы кезеңдерінде басынан өткен оқиғалардың тұлғалық қасиеттеріне әсер етуі баяндалады.

Фильмнің сюжеті бойынша басты рөлдегі бозбала Сұлтан туған ауылынан республикалық құрылыс жүріп жатқан Теміртау қаласына аттанады, ал сол жақтан Украинаның Днепродзержинск қаласына оқуға кетеді. Онда ол жаңа достар тауып, мықты ұстаздар мен тәлімгерлерден өмірлік сабақ алады. Оқуы біткен соң Сұлтан туған жеріне оралып, ептілігі мен көшбасшылық қасиетінің арқасында Орталық Азиядағы ірі металлургиялық комбинаттың басшылығына дейін көтеріледі.

Киноэпопеяның сценарийін танымал қазақ драматургі Шахимерден Құсайынов пен режиссер Рүстем Әбдрашов елбасының кітаптарының сарыны бойынша жазған. Сонымен қатар, фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың достары мен әріптестерінің естеліктерінен көріністер бар.

Фильм сюжеті өткен ғасырдың 50-60 жылдарына негізделгендіктен киногерлер сол кезеңнің интерьерін жасау үшін біраз тер төккен. Бұл жауапты істі қоюшы-суретші Сәбит Құрманбеков («Балалық шағымның аспаны») мен Өмірзақ Шманов («Отырардың күйреуі») алып шыққан.

Фильм Қарағанды, Теміртау, Днепродзержинск, Мәскеу, Киев, Минск, Хельсинки және Хаапсалу (Эстония) қалаларында түсірілген және онда ойлап табылған кейіпкерлер жоқ десе де болады, сонымен де ерекше.

Басты рөлді белгілі актер Нұрлан Әлімжан сомдайды. Сонымен қатар фильмде ҚР халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, Бақытжан Әлпейісов, Жан Байжанбаев, Дәурен Серғазин, Төлепберген Байсақалов, Мадина Есманова, Ержан Түсіпов және ресейлік Валентин Гафт, Виктор Сухоруков, Сергей Шакуров, Наталия Аринбасарова, Мария Голубкина және Дарья Александрова ойнайды.

Сурет: strategy2050.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina