"Шал" бас жүлдені иемденді

Қазақстандық танымал режиссер Ермек Тұрсыновтың "Шал" фильмі халықаралық "Киношок-2013" кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды. Ал "Шал" фильміндегі басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов "Ең үздік ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Ермек Тұрсынов «Шал» фильмін атақты жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірді. Фильмді жасау идеясы Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевқа тиесілі. "Шал" – 2012 жылдың "Ең үздік фильмі" болып танылды.

Айта кететін болсақ, XXII "Киношок-2013" ашық кинофестиваліне жыл сайын ТМД, Латвия, Литва және Эстония сынды елдері қатысады. Биылғы шара Анапа қаласында 14-21 қыркүйек аралығында өтті.

Фестиваль нәтижесі бойынша, ерекше көзге түскен туындылар мен үздік шеберлерді атап өткеніміз жөн болар. Ең үздік режиссер ретінде "Бұл мен емес" картинасының режиссері Мария Саакян танылса, осы фильмнің операторы Мко Малхасян үздіктер қатарынан көрінді. Эстондық "Тірі суреттер" лентасы "ең үздік сценарий" және "ең үздік әйел рөлі" марапатына ие болды. Қырғызстандық режиссер Темір Бірназаров "Құмарлық" фильмі үшін "Кинодағы азаматтық және эстетикалық позицияның батылдығы үшін" арнайы сыйлығын алды.

Сондай-ақ, "Есеңгіреу шекарасы" атты қысқаметражды фильмдер байқауында бас жүлдені қырғызстандық "Шағала" фильмі қанжығасына байлады. Фильм режиссері – Елизавет Стишова.

Байқауға қатысқан қазақстандықтардың сіздерге жеткізер қуанышы біреу ғана емес, Ерболат атасының ізімен қазақстандық актер Ержан Нұрымбет балаларға арналған фильмдер байқауында "Ең үздік ұл баланың рөлі" номинациясын иемденді. Ержан режиссерлер Әнуар Райбаев пен Әсия Сүлееваның "Жеңіс қылышы" фильміне түскен екен.

Ал "Ең үздік қыз бала рөлі" номинациясы "Бірінші сыныптар" филмінің жас актрисасы Соня Мицкевичке бұйырды.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kursiv.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Депозит ашарда нені білу керек?
Депозит ашарда нені білу керек?
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
Қазақстанда өлім жазасы жойылды