Бесінші

Бесінші "Кариб теңізі қарақшыларының" аты белгілі болды

"Кариб теңізінің қарақшылары" сериясының бесінші фильмі көгілдір экранға "Өліктер сөйлемейді" (Мертвые не болтают) деген атпен шығатын болды. Бұл жөнінде фильм режисерлері Хоаким Роннинг пен Эспен Санбдергке  сілтеме бере отырып  This Is Infamous хабарлайды. 

"Өліктер сөйлемейді" (ағылшын тілінде "Dead Men Tells No Tales") тіркесін дисней ойын-сауық саябақтарына келген қонақтар Pirates of the Carribean аттракционына отырған кезде естиді. "Кариб теңізінің қарақщылары" фильм сериясын түсіру де, өз кезегінде, осы аттракционның арқасында дүниеге келген екен. 
 
Бесінші "Кариб теңізінің қарақшылары" сюжетін фильмді түсірушілер әлі құпия қалдыруда. Белгілісі, жаңа фильмде де Джек Воробей рөлін Джонни Деп сомдайтын болады. Ал бесінші теңіз қарақшыларының түсірілімімен норвегиялық режисерлер Роннинг пен Сандбергтің айналысатыны 2013 жылдың мамыр айында анықталған еді. 
 
Бесінші "Теңіз қарақшылары" прокатқа 2015 жылдың шілдесінде шығады деп күтілуде. 
 
Айта кетсек, "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінің төртінші сериясы көгілдір экранға 2011 жылдың мамыр айында "На странных берегах" деген атпен шыққан болатын. Фильм режисері ретінде Роб Маршалл қызмет етті. Фильм түсіріліміне Джонни Деппен бірге Пенелопа Крус, Джеффри Раш секілді танымал актерлер қатысты. Прокаттан аталған фильм 1,04 миллиард доллар жинады және тарихтағы ең кассалық фильмдер тізімінде 12-орында тұр. 
 
2003, 2006 және 2007 жылдары шыққан фильмнің алғашқы үш сериясын Гор Вербински есімді режисер түсірген. Алғашқы трилогияның әр фильмінде Джек Воробеймен бірге Кира Найтли мен Орландо Блумның орындауында болған екі кейіпкер қатысты (фильмнің төртінші бөлімінде аталған актерлер түсірілімге қатыспады). 
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: jevons.ru
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Сағыз жабысқан қабырға
Сағыз жабысқан қабырға
Бразилия сөзі қандай мағына береді?
Бразилия сөзі қандай мағына береді?
Дронмен түсірілген 2020 жылдың үздік суреттері
Дронмен түсірілген 2020 жылдың үздік суреттері
Disney жаңа туындыларын келесі жылға қалдырды
Disney жаңа туындыларын келесі жылға қалдырды
Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра
Итбегілік – бабадан қалған асыл мұра