- Негізгі бет
- Кино
- Мультфильм кейіпкерлері туралы...
Мультфильм кейіпкерлері туралы қызық фактілер
1. Спанч Боб: Бастапқыда бұл кейіпкердің есімін SpongeBoy деп атаған. Алайда мұндай есім тіркеліп қойғандықтан губка жөкенің атын өзгерткен. Үстінде 40 тесігі бар. Спанч Бобтың авторы әрі ойлап табушысы теңіз биологы, мұғалім Стивен Хилленберг мультипликацияны көркемөнер мектебінен үйренген болатын. Ол да Спанч Боб секілді бастапқыда теңіз тағамдарын дайындайтын мейрамханада жұмыс істеген екен.
2. Винни-Пух: Кеңес мультфильмінде Винни-Пухтың дауысын келтірген Евгений Леонов. Кейіпкердің дауысы күлкілі болуы үшін оны 30 пайызға жылдамдатқан. Егер дауыс жылдамдығын 30 пайызға төмендетсе, кәдімгі Леоновтың дауысын естуге болады.
3. Микки Маус: Микки Маусты жасап шығарған Уолт Дисней тышқандардан қатты қорыққан екен. Микки Маус Голливудтың атақ аллеясында өзіне тиесілі жұлдызды алды. The Walt Disney Company Микки Маустың образына авторлық құқықты сақтап қалу үшін жанталасып күрескен болатын. Оның құны 2008 жылы 3 млрд. АҚШ долларына бағаланған еді. 2008 жылы компания өзінің авторлық құқығын ұзартқандықтан, бұл персонаж мультипликаторлар үшін ортақ болмай қалды.
4. Скрудж МакДак: 2007 жылы Глазго қалалық кеңесі Скрудж Макдакты қала тұрғындарының қатарына қосқан болатын. Forbes журналының хабарлауынша, Скрудж Макдак 2007 жылы ойдан шығарылған ең бай 15 кейіпкерлердің алдыңғы қатарынан орын алған. Ал 2005 және 2002 жылдары Скрудж алтыншы, төртінші орындарды иемденді.
5. Симпсондар: «Дафф» маркалы сыра 1990-1996 жылдар аралығында Оңтүстік Австралияда шығып тұрған. Марка аты Симпсондардың рұқсатынсыз алынғандықтан, сыраның шығарылымы тоқтап қалды. Осы күндері сыраның бір қорабының бағасы 10 мың доллар тұрса, ал ол кездері 24 мың доллар болатын. Мультфильмнің алғашқы қойылымын Анголада ойдан шығарылған африкалық отбасы Симсондардың образы арқылы жарнамалаған. Жергілікті жарнамалық агенттік анголалық отбасыға ұқсату мақсатымен кейіпкерлердің түрін өзгерткен. Африкада көшеде ілінген жарнамалық қағаздарда Симпсондардың терісінің түсі қара-қоңыр және аяқтарында жаздық аяқ киім болған.
6. Шрек: Мультфильмдегі кейіпкерлердің дауысын жазған кезде актерлер еш уақытта бір-бірімен кездеспеген. Қарама-қарсы кейіпкердің даусын қажет кезде көмекшілер оқып тұрған. Аниматорлар есектің жүрісін ит пен қоянның жүрісінің негізінде жасаған. Көркем туындыны жарыққа шығармас бұрын авторлар заң қызметкерлерімен кездесіп, Уолт Дисней компаниясы олардың кейіпкерлерін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін сотқа бере алады ма екендігін анықтаған.
7. Кунг-Фу Панда: Бас кейіпкерлердің есімі нағыз қытай тіліндегі сөздерден алынған. «Шифу» - «ұстаз», «Тай Лунг» - «Үлкен айдаһар», «Угвэй» - «Тасбақа». Қытай тіліндегі нұсқасында Шебер Тырнаның дауысын Джеки Чанның ұлы Джейси Чан келтірген.
8. Вольт: Бастапқыда Вольттың сырт бейнесін жасау үшін әр түрлі иттердің бейнесі алынған. Алайда дизайнерлердің шешімі бойынша қасқыр тектес америкалық иттің бейнесі алынады деген тоқтамға келеді. Шамамен жұмыстың аяқталуына 3-4 ай қалған кезде аниматор ер адамдар қырынбаймыз деп уәделескен. Бұл ойды мультфильм жасауда жұмыс істеп жатқан барлық ер адамдар мен режиссерлер бір ауыздан құптаған. Бұл «науқанның» соңында жігіттер ұзын-ұзын сақалдарға ие болған. Бір қызығы авторлар лайық дауыс іздеп тауып, артынша сол дауысқа лайық кейіпкерлер ойлап тапқан. Мультфильмнің ағылшынша нұсқасында Вольттің есімі Болт деп аталады. Ол найзағай деген мағынаны білдіреді. Орысша нұсқасында Болт сөзі дөрекілеу естілетіндіктен Вольт деп өзгертілген.
9. Жил-был пес: 2005 жылы Томск қаласында 200 кг-дық қола Қасқыр мүсіні жасалған болатын. Авторлары – мүсін сомдаушы Максим Петров пен суретші Леонтий Усов. Фильмді құрастырушылар Қасқырдың бастапқыда мүлдем басқа болғанын айтады. Қасқырдың дауысын келтіруші А. Джигарханянның даусына сәйкес келмегендіктен, кейін кейіпкер өзгертілген.
10. Рататуй: Ремидің үстіне 1,15 миллион түк салынса, Коллеттің үстіне 115 мың түк салынған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, адамның басында орташа есеппен 110 мың шаш бар. Қоқыстарды жақсылап суретке салу үшін, суретшілер шіріген заттарды алып арнайы зерттеген. Алма, жемістер, банандар, саңырауқұлақтар, апельсиндер, секілді 15 түрлі заттардың шіріндісін арнайы суретке түсіріп те алған. Жұмыстың барысында мүсінші саз-балшықтан Ремидің 9 мүсінін жасаған. Бұл мультфильм көрермендердің көңілінен шығып, «2007 жылдың үздік аниматорлық фильмі» деген атаққа және «Оскардың» 5 номинациясына сәйкес марапат алған.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Суреттер: billionnews.ru
Қ. Бүйенбай