Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Ұлы Гэтсби» фильмін көруге не себеп?

«Ұлы Гэтсби» фильмін көруге не себеп?

«Ұлы Гэтсби» фильмін көруге не себеп?

Гэтсби (Леонардо ДиКаприо) – миллионер. Ол үлкен қаржыны күмәнді жолмен тапқаны белгілі. Йель университетінің түлегі Ник (Тоби Магуайр) жаз мезгіліне демалуға Гэтсбимен көршілес үйді жалдайды. Ол өзінің тұрмысқа шыққан туысқаны Дейзи есімді қыз бен Гэтсбидың махаббаттасуының куәгері болады. Бірақ бұған дейін үлкен қаржысы жоқ Гэтсбиді Дейзи қанша жақсы көріп тұрса да кері қайтарған. Содан кейіпкеріміз соғысқа аттанған болатын.

Баз Лурманн Кэри Маллиганға Дейзидың рөлін ұсынған кезде ол «Бұл менің өмірімдегі ең керемет күн!» деп айғайлап жіберіпті. Сонымен қатар, Маллиган бұл романды фильмнің түсіріліміне аз ғана уақыт қалған кезде оқып шыққанын мойындаған. Ол бас кейіпкерге былай сипаттама берген: «Дейзи сондай ашық, көбік сияқты, сондай жеңіл, дәл сондай бос, оның мына әлемге айтары жоқ».

Дейзи рөліне алғашқы кезде Аманда Сейфрид, Рэйчел МакАдамс, Кира Найтли, Блейк Лайвли, Эбби Корниш, Натали Портман, Ева Грин, Оливия Уайлд, Джессика Альба және Скарлетт Йоханссон сияқты актерлер таласқан көрінеді.

Кэри Маллиган «Ұлы Гэтсби» фильмінің түсірілімінде

«Ұлы Гэтсби» романының авторы, американдық жазушы Фрэнсис Скотт Фицджеральд Дейзидің рөлін өз әйелі Зельданың сипатымен жасаған. Жұп дәл фильмдегідей жоғары санатты адамдар қатарына кірген. Фильмдегідей оларды да кештерге шақырған, ал шақырмаған жерге олар бармаған екен. Дәл фильмдегідей олардың да сүйкімі мен құрметі асыпты.

Зельда да актерлер секілді немесе танымал жұлдыздар секілді тентектіктер жасап тұрған: мәселен, Зельда суға түсу киімін киюге ерініп бірде бассейнге киімсіз жалаңаш түрде секіріп кеткен-мыс. Ал бірде Нью-Йорк қаласында такси ішінде ыстықтағаннан Зельда мен Фрэнсис көліктің үстіне жайғасып алған көрінеді. Әйелінің мұндай қасиеттерін күйеуі оғаш көрмей, оның орнына жұбайының сұлулығына тамсанумен өтіпті.

Фрэнсис Скотт Фицджеральд және оның әйелі Зельда Сейр сол кездің өзінде ел құлағын шулатып жүретін жұп болуға арнайы жаралғандай еді. Олар әрқашан қызық өмір мен керемет сәттер үшін және іш пыспас үшін бәрін де жасаған.

Кэри Маллиган Prada көйлегімен («Ұлы Гэтсби» фильмінің кадры)

«Ұлы Гэтсби» фильмінің кейіпкерлері киген барлық киімдерді Миучча Прада арнайы тігіп берген. Prada сән үйінің директоры Prada мен Miu Miu мұрағаттарынан алынған 40-қа таяу киім үлгісін жасап шыққан. Оның үстіне 1920 жылға орай тағылатын, киілетін қосымша акссесуарлар мен заттарды жасап шығыпты.

Фильмде түскен ер адамдардың киімі Brooks Brothers тігін үйінде дайындалыпты.

Ал әйел адамдардың сәнді әшекейлерін Tiffany&Co. зергерлері жасаған. Картинаның бас дизайнері Кэтрин Мартин де оларға көмектесіпті.

«Ұлы Гэтсбидың» музыкалық әрлеуін Ферджи, Florence + The Machine, Джек Уайт, Will.i.am және Эмели Санде секілді танымал тұлғалар орындаған. Ал басты композиция – Лана Дель Рейдың Young and Beautiful әні болған. Әннің орындаушы продюсері Jay-Z екен.

Фильмнің басты қаһарманы, сырлы көрші әрі қонақжай магнат Джей Гэтсбидің рөлін Баз Лурманның шешімі бойынша Леонардо ДиКаприо ойнаған.

Баз Лурманның «Ұлы Гэтсбиі» романның тұңғыш экранизациясы емес. Роман мотивімен алғаш фильм 1926 жылы түсірілген. Бірақ бұл фильмнен бізге жеткені тек – постер мен бірнеше кадр болып отыр.

«Ұлы Гэтсбиді» екінші рет 1949 жылы қайта түсірді. Paramount студиясының түсірген фильмі өте сәтсіз шығып, сыншылар мен көрерменнің үдесінен шыға алмады. Сәтсіз картинада Дейзидың рөлін Бетти Филд (ал бастапқы кезде рөлді Джин Тирни сомдайды делінген болатын) сомдаған.

«Ұлы Гэтсби» фильмінің 1949 жылы түсірілген нұсқасының кадры

«Ұлы Гэтсби» 1974 жылы ғана романның сәтті киноадаптациясы бола алды. Фильм сценариін жазған Фрэнсис Форд Кополла мен актерлер Миа Фэрро мен Роберт Редфорд көрермен көзайымына айналған болатын.

Миа Фэрроу мен Роберт Редфорд (1974 жылғы нұсқа)

Ал 2000 жылы «Ұлы Гэтсби» телефильмге айналды. Себебі жұмысты қолына BBC студиясы алған еді. Фильмдегі барлық элемент те сол ғасырға жатқызылған болатын. Тек бас кейіпкердің шаш үлгісі ғана өзгерген: джаз ғасырында ешкім де бұлай жүрмеген-тін.

Мира Сорвино Дейзи рөлінде (2000 жылғы нұсқа кадры)

Франциялық дизайнер Олимпия Ле-Тан кітап бетін қаттап, сәнмен өмір сүретін әйелдерге «Ұлы Гэтсбидың» арнайы нұсқасын шығарыпты.

Арнайы қатталған кітап – Kate Spade

 

Әйелдер сөмкесі – Olympia Le-Tan

Кэри Маллиган мен Леонардо ДиКаприо («Ұлы Гэтсби» фильмінің кадры)

Леонардо ДиКаприо («Ұлы Гэтсби» фильмінің кадры)

«Ұлы Гэтсби» фильмінің постері

 

«Ұлы Гэтсби» фильмінің постері

Қосымша мәлімет:

  • Том Бьюкененнің рөліне алғашқыда Бен Аффлек қарастырылған екен. Рөлге Люк Эванс пен Брэдли Купер де кандидаттығын ұсынған көрінеді. Нәтижесінде рөл Джоэл Эдгертонға бұйырған.
  • Ал фильм көрсетілмей тұрып Джордан Бейкердың рөліне Хейли Атвел кіріседі делінген болатын. Бірақ олай болмай қалды.
  • Бейонсе фильм үшін арнайы Эми Вайнтхаустың Back To Black әнін орындаған.
  • Түсірілімдер Сиднейде болған.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tatler.ru

1115 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 23 мамыр 2013, 12:47
Пікірлер
+0
23 мамыр 2013, 13:59

Кітабы керемет, киносын көргім келіп жүр, міндетті түрде барамын.

+0
23 мамыр 2013, 17:09

:) Барыңыз,шынымен де керемет түсірілген кино!!! :o

+0
23 мамыр 2013, 14:03

жарнамасы өтті барып көрем осы апта да

+0
23 мамыр 2013, 14:12

Бардым. Көрдім. Тамсандым. Риза болдым. Сындым. Қайттым. :mrgreen:

+0
23 мамыр 2013, 14:16

Фильм өте әдемі, киімдер де, әшекейлер де, интерьер де тамаша!

+0
23 мамыр 2013, 17:10

Рейтингі 9,38 Солай болса,баруға тұрарлық!!!

+0
24 мамыр 2013, 11:26

Фильмге кеше барып көрдік. Өте ұнады, кәдімгідей демалып қаласың. 105 млн.долларға түсірілген фильм ғасырдан-ғасырға аңыз боп жетеді деп болжаймын. :)

+0
24 мамыр 2013, 11:27

ДиКаприоға енді Оскар бермесе, білмеймін ))

+0
24 мамыр 2013, 18:50

Көру керекк

+0
27 мамыр 2013, 15:31

"Бардым. Көрдім. Тамсандым. Риза болдым. Сындым. Қайттым :mrgreen: "!!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...